Astana Hub қатысушылары WeLoveFlutterFlow платформасын тегін пайдалана алады
Кодсыз қосымша жасауға арналған WeLoveFlutterFlow инновациялық платформасы Astana Hub-тың жаңа серіктесі атанды. Танымал Flutter фреймворкіне негізделген FlutterFlow жеке әзірлеушілер мен командаларға өнімділігі жоғары және сырт көрінісі нативті кросс-платформалық қосымша жасауға мүмкіндік береді. Енді стартаптар платформаны 2 айға тегін пайдалана алады.