ЮНИСЕФ пен Astana Hub бірлескен жобалардың тұсаукесері Demo Day шеңберінде өтті
Бүгін Аstana Нub ІТ-стартаптар халықаралық технопаркі алаңында Demo Day шеңберінде бастауыш және орта сынып мұғалімдеріне арналған онлайн-білім беру бағдарламасы және білім мен инфрақұрылымға тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге ықпал ететін табысты стартап-жобалар ұсынылды.