Жасанды интеллекттен агротехнологияға дейін: Dealroom.co платформасында 390-нан астам қазақстандық стартап тіркелді
Қазақстан Орталық Азия елдері арасында алғашқы болып халықаралық Dealroom.co платформасында өз стартап-экожүйесін ресми түрде таныстырды. Бұл – стартаптар мен инвестициялар туралы мәліметтерді жинақтайтын әлемдегі жетекші дереккөздердің бірі. Қазіргі таңда онда жасанды интеллект, финтех, білім беру, денсаулық сақтау, агротехнология және киберқауіпсіздік салаларында жұмыс істейтін 393 қазақстандық жоба тіркелген.