3 мыңнан астам қазақстандық әйел IT-Aiel бағдарламасының екінші легі аясында білім алуда
Astana Hub IT-Aiel 2.0 білім беру бағдарламасын қорытындылап жатыр. Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мен «TechnoWomen» КЕҰ-мен бірлесіп жүзеге асырылуда. Бастама әйелдердің цифрлық дағдыларын дамытуды көздеп, олардың IT-саладағы кәсіби өсуіне мүмкіндік береді.