2 қазан күні Астанада өтіп жатқан AI & Digital Bridge 2026 халықаралық технологиялық форумы аясында Astana Hub ұйымдастырған Industry 4.0 Pitch Battle бәйгесінің мәрелік кезеңі қорытындыланды. Дода барысында 13 команда сарапшылар алқасына өнеркәсіп саласына арналған инновациялық технологиялық шешімдерін ұсынып, жалпы жүлде қоры 5 млн теңгені құрайтын жүлде үшін бақ сынады.
Industry 4.0 Pitch Battle сайысына қатысуға IT-компаниялар, стартаптар мен жобалық командалардан 50-ден астам өтінім түсті. Алдын ала іріктеу қорытындысы бойынша мәрелік кезеңге 13 команда жолдама алды.
Финалистер өз әзірлемелерін сала сарапшыларына, өндірістік кәсіпорын өкілдері мен әлеуетті тапсырыс берушілерге таныстырып, қазылар алқасының сауалдарына жауап берді.
Industry 4.0 Pitch Battle сайысында өндірістік нақты міндеттерді шешуге, процестерді автоматтандыруға және өнеркәсіптік кәсіпорындардың тиімділігін арттыруға бағытталған озық технологиялар басты назарда болды.
«Бүгінде өнеркәсіптік компанияларға құр жаңа технология ғана емес, нақты өндірістік міндеттерге тиімді қолданып, өлшенетін нәтиже беретін шешімдер қажет. Industry 4.0 Pitch Battle әзірлеушілер мен өндіріс саласын тікелей байланыстыруға септігін тигізеді. Мұнда олар өз өнімдерін әлеуетті тапсырыс берушілерге таныстырып, сала сарапшыларынан кәсіби кері байланыс алады, сондай-ақ жобаны пилоттық сынақтан өткізу мен оны әрі қарай өндіріске енгізу мүмкіндіктерін талқылайды. Біз үшін келешегі зор технологиялық шешімдердің қазақстандық кәсіпорындарда тәжірибелік қолданыс табуы айрықша маңызды», — деп атап өтті Astana Hub Индустрия 4.0 кеңсесінің директоры Диан Айбашпанов.
Ұсынылған шешімдердің негізгі бағыттары:
- Өндірістік ЖИ-агенттер;
- Компьютерлік көру технологиясы;
- Жабдықтарды болжамды (предиктивті) басқару;
- Цифрлық егіздер;
- Өнеркәсіптік білім графтары;
- Өндірістік деректерді өңдеу және басқару;
- Өндіріс пен операциялық процестерді оңтайландыру;
- Өндіріс қызметкерлеріне арналған цифрлық шешімдер;
- Автономды өнеркәсіптік интеллект.
Сарапшылар алқасы
Финалистердің шешімдерін өнеркәсіп секторының, технологиялық компаниялар мен венчурлік нарықтың өкілдері бағалады:
- Айбек Атанбеков — «Теңізшевройл» ЖШС цифрлық бастамалар портфелін басқару жөніндегі кеңесшісі;
- Нассен Ерлан — «Теңізшевройл» ЖШС цифрлық бағдарлама архитекторы;
- Нұрасыл Жарбасов — DEM Group компаниялар тобының Директорлар кеңесінің төрағасы, Astana Venture Club негізін қалаушы әрі жетекшісі;
- Кемел Айтжанов — Freedom AI даму және серіктестік жөніндегі директоры;
- Мейіржан Есімханов — Activat VC атқарушы директоры;
- Руслан Рақымбай — Quest Ventures инвестициялық директоры.
«Өнеркәсіп секторы үшін өндірістік нақты міндеттерге жауап беретін және шынайы жұмыс процестеріне кіріктіруге болатын технологиялар айрықша маңызды. Финалистердің жобаларын бағалау барысында біз тек технологиялық құрамдас бөлігіне ғана емес, сонымен бірге шешімдердің пилоттық сынаққа дайындығына, олардың тәжірибелік құндылығы мен ауқымдандыру әлеуетіне баса назар аудардық. Industry 4.0 Pitch Battle алаңы өндіріс саласын әзірлеушілермен тікелей табыстырып, келешекте кәсіпорындарда тәжірибелік қолданыс табатын шешімдерді көруге зор мүмкіндік береді», — деп атап өтті «Теңізшевройл» ЖШС цифрлық бастамалар портфелін басқару жөніндегі кеңесшісі Айбек Атанбеков.
«Инвестор көзқарасымен қарағанда, өнеркәсіп секторы технологиялық шешімдердің бизнес үшін өлшенетін нақты құндылық қалыптастыра алатынымен құнды. Яғни, олар шығынды азайтуға, өнімділікті арттыруға және процестерді оңтайландыруға тікелей ықпал етеді. Бұл ретте стартапты ауқымдандыру үшін мықты технология жасау ғана жеткіліксіз, нарық тарапынан нақты сұраныстың бар екенін дәлелдеу маңызды. Мұндай алаңдар командаларға әлеуетті тапсырыс берушілермен тікелей диалог орнатуға, өз болжамдарын сынақтан өткізуге және жобаны одан әрі дамытуға жаңа мүмкіндіктер табуға көмектеседі», — деп атап өтті Quest Ventures инвестициялық директоры Руслан Рақымбай.
Қазылар алқасының сараптамалық құрамы өнеркәсіпті цифрландыру, технологиялық бизнесті дамыту және венчурлік инвестициялар салаларын толық қамтыды. Бұл жобаларды технологиялық әлеуеті, өндіріске енгізу мүмкіндігі және оны әрі қарай ауқымдандыру тұрғысынан жан-жақты бағалауға жол ашты.
Industry 4.0 Pitch Battle қорытындысы бойынша үш жеңімпаз анықталды:
1-орын — Rock Rigid — жетіспейтін өлшемдерді қалпына келтіруге, балансты есептеуге және шығындарды анықтауға арналған платформа.
2-орын — ROQED Mechanicum — жабдықтар мен өндірістік алаңдардың цифрлық егіздерін пайдалана отырып, өнеркәсіптік персоналды практикалық даярлауға арналған VR/MR-тренажерлер.
3-орын — Ecodata — Қазақстан Республикасының нормаларына сәйкес шығарындыларды, төгінділер мен қалдықтарды есептеуді, сондай-ақ міндетті есептілікті дайындауды автоматтандыратын мұнай-газ кәсіпорындарына арналған экологиялық деректердің бірыңғай жүйесі.
«Біздің команда үшін бұл жеңіс, ең алдымен, шешіміміздің индустрияда сұранысқа ие екенін және іс жүзінде қолдануға әлеуеті бар екенін растайды. Өнімді өнеркәсіп саласының өкілдеріне тікелей таныстыру, кәсіби кері байланыс алу және оны енгізудің ықтимал сценарийлерін талқылау мүмкіндігі біз үшін ерекше құнды болды. Келесі қадамымыз — өнімді одан әрі дамыту, жаңа пилоттық жобаларды іске қосу және ауқымын кеңейту», — деді Rock Rigid (Dereknet) бас директоры Саламат Кабдулов.
Industry 4.0 Pitch Battle технологиялық шешімдерді әзірлеушілер мен өнеркәсіптік компаниялар арасында тікелей диалог орнататын тиімді алаңға айналды. Финалистер өз өнімдерін әлеуетті корпоративтік тапсырыс берушілерге таныстырып, сала сарапшыларынан кәсіби кері байланыс алды және озық технологияларды шынайы өндірістік процестерге кіріктіру мүмкіндіктерін талқылады.
AI & Digital Bridge 2026 Қазақстандағы Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында өтіп, жасанды интеллект, цифрлық технологиялар, кәсіпкерлік және адами капиталды дамыту салаларындағы бастамаларды біріктіретін AI MONTH іс-шаралар айының басты халықаралық оқиғасына айналды.
AI & Digital Bridge 2026 форумын Astana Hub халықаралық инновациялық кластері Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен және Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырды.
AI & Digital Bridge 2026 форумы серіктестердің қолдауымен демеушілік қаражат есебінен өткізілді.
Алтын серіктестер: Freedom Bank, Kaspi Bank, «Самұрық-Қазына» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ.
Күміс серіктес: Halyk Bank.
Бизнес-серіктес: Beeline Қазақстан.
Қола серіктес: Yandex Qazaqstan.
Телеком-серіктес: Freedom Telecom Operations.
Технологиялық серіктес: «Транстелеком» АҚ.
Ресми әуе серіктесі: Air Astana.