Жыл басынан бері 25 шетелдік IT-компания Astana Hub резиденті болды

Astana Hub 2019 жылдан бастап шетелдік IT-компаниялармен ынтымақтасып келе жатыр және оларды технопарктің қатысушылары (резиденттері) ретінде өзіне тартады. Astana Hub көмегімен шетелдік стартаптар салық преференцияларын, жеңілдетілген визалық режимді, PR-ілгерілетуді, IT-қоғамдастыққа және халықаралық инвесторларға қолжетімділікті алады. Осылайша, жергілікті нарыққа бейімделу процесі тезірек және икемді болады.


2021 жылдың басынан бастап Astana Hub- қа шетелдік қатысушылардың рекордтық саны қосылды, яғни 25 IT-компания технопарктың экожүйесінің бір бөлігі болуға және Қазақстанда өз стартапын дамытуға ниет білдірді. Қазіргі уақытта бұл компанияларда 130-дан аса қызметкерлер жұмыс атқарып отыр және де жақын арада олар тағы 306 адамды жұмысқа алмақшы.

       "Жаңадан келгендердің" қатарында Қырғызстан, Ресей, Украина, Беларусь, Израиль, БАӘ, Оңтүстік Корея, Қытай, Жапония, Сингапур, Ұлыбритания, АҚШ сынды елдердің өкілдері бар.

      Солардың бірі - Орталық Азиядағы электрлі самокаттарын жалға берудің алғашқы желісі-қырғызстандық Ozim Scooters компаниясы. Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындары қала көшелеріндегі қызыл самокаттарды байқаған шығар. Жақсы ойластырылған бизнес-модель және команданың тәжірибесі COVID-2020 эпидемиясы аясында енгізілген карантиндік шараларға қарамастан, 19 шілдеде қызметті сәтті іске қосуға мүмкіндік берді. Бірінші айдын ішінде компания өзін-өзі қамтамасыз ете бастады. 2021 жылдың наурыз айында компания қызмет көрсетуді Шымкентте, ал сәуір айында елордада іске қосты. Ozim Scooters-тің жеке IT платформасы, мобильді қосымшалары бар және оны үнемі жетілдіріп отырады.

       Ұлыбританияның тағы бір стартап қатысушысы-Қазақстан мен Орталық Азияның бейне контентіне арналған Salemix жаңа буын платформасын шығарды. Salemix жұмысының ерекшеліктері-түпнұсқадағы мазмұнға, үлкен көптілді кітапханаға, аймақтық аудармаларға баса назар аудару болып табылады. Ericsson – Salemix-тің  технологиялық серіктесі. Компания тоғыз елде бар, сонымен қатар әлемнің 140-тан астам елінде Ericsson-ның техникалық және операциялық қатысуын пайдаланады.

       "Шетелдік IT-компаниялар Қазақстанға үлкен қызығушылық танытуда. Жыл соңына дейін Astana Hub резиденттері арасында шет елдерден жаңа қатысушылар пайда болады деп үміттенеміз. Бізде әлемнің түкпір -түкпірінен стартаптар қызығатын көптеген бағдарламалар бар және біз Astana Hub -тағы жұмыс жағдайын тартымды ету үшін үнемі жұмыс жасаймыз.", - деп Astana Hub-тың  бас директоры Мағжан Мәдиев айтып өтті.

        Біз ынтымақтастық, даму және тәжірибе алмасу үшін барлық адамдарды шақырамыз! Astana Hub резиденттік шарттары туралы толығырақ мына жерден оқи аласыз.

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін