Astana Hub халықаралық байланысты нығайтып, озық технологиялық тәжірибе алмасуға және еліміздегі IT қауымдастықты дамытуға бағытталған Digital Nomad Residency (DNR) мен Digital Nomad Visa (DNV) бағдарламаларының соңғы нәтижелерін жариялады. 2026 жылғы тамыздағы жағдай бойынша, 250 шетелдік IT маманы Digital Nomad Residency бағдарламасы аясында тұрақты тұруға рұқсат алды. Сонымен қатар, тағы 12 маман тиісті рәсімдерден өтіп, Digital Nomad Visa иегері атанды.
Қазақстанның әлемдік технологиялық қауымдастықпен байланысын нығайтуды және халықаралық IT-тәжірибені тартуды көздейтін Trusted Kazakhstan тұжырымдамасы аясында Digital Nomad Residency мен Digital Nomad Visa бағдарламалары дамып келеді.
Түскен өтінімдердің саны берілген визалар немесе тұруға рұқсаттар санына тең келмейді. Құжат рәсімдеу бірнеше бірізді кезеңнен тұрады: өтінім беру және оны қарау, Astana Hub қолдаухатын алу және одан әрі мемлекеттік органдар белгілеген рәсімдерден өту.
2026 жылғы тамыздағы жағдай бойынша өтінімдерді қарау қорытындысы негізінде Astana Hub 1 069 қолдаухат рәсімдеді. Оның 1 030-ы Digital Nomad Residency бағдарламасы бойынша, ал 39-ы Digital Nomad Visa аясында берілді. Бұл ретте қолдаухат виза немесе тұруға рұқсат құжаты болып саналмайды және тиісті мәртебені автоматты түрде алуға кепілдік бермейді.
Бүгінгі таңда 262 маман тиісті мәртебеге ие болды, бұл — келіп түскен өтінімдердің жалпы санының шамамен 17%-ын құрайды. Бағдарлама аясында өтінім беру виза немесе тұруға рұқсат алу құқығын бермейді. Әр үміткер бекітілген рәсімдерден өтеді, ал түпкілікті шешімді уәкілетті мемлекеттік органдар қабылдайды.
Бағдарламалар белгіленген кәсіби талаптарға сай келетін және Қазақстанды өмір сүруге, жұмыс істеуге және кәсіби тұрғыда дамуға қолайлы орта ретінде қарастыратын шетелдік IT мамандарына арналған. Олардың қатарында әзірлеушілер, product-менеджерлер, жасанды интеллект саласының мамандары, деректер талдаушылары, технологиялық кәсіпкерлер мен стартап негізін қалаушылар, халықаралық технологиялық компаниялардың басшылары, сондай-ақ шетелдік жұмыс берушілермен қашықтан жұмыс істейтін өзге де цифрлық сала мамандары бар.
Халықаралық деңгейдегі технологиялық мамандарды тарту – қазақстандық командалармен тәжірибе алмасуға, сондай-ақ технологиялық кәсіпкерлік пен кәсіби IT қауымдастықты дамытуға үлкен жол ашады. Сонымен қатар, шетелдік IT мамандардың Қазақстанда тұруы жергілікті тауарлар мен қызметтерді тұтыну арқылы қосымша экономикалық белсенділікті арттыруға септігін тигізеді. Келешекте олар елімізде жаңа жобаларды іске қосып, жергілікті командаларға инвестиция құюы және жаңа жұмыс орындарын ашуы мүмкін.