Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығында Astana Hub ұйымдастырған Startup Garage инкубациялық бағдарламасының алтыншы легі қорытындыланды. 12 апта ішінде бағдарлама қатысушылары жалпы сомасы 42 млн теңгеден астам сатылым жасап, 19 жұмыс орнын ашты. Қорытынды іс-шарада 16 стартап инвесторлар мен сарапшыларға жасанды интеллект, білім беру, ауыл шаруашылығы, логистика, биотехнология және бизнес салаларындағы технологиялық шешімдерін таныстырды.
Startup Garage бағдарламасының алтыншы легіне қатысу үшін 376 өтінім келіп түсті. Бағдарламаға 160 жоба қабылданып, олардың ішінен 77 команда ғана финалдық кезеңге жетті. Осы лекке қатысқан стартаптар қазірдің өзінде 42,3 млн теңге көлемінде сатылым жасады.
«Startup Garage бағдарламасының алтыншы легіне 376 өтінімнің түсуі — Қазақстанда технологиялық кәсіпкерліктің дамып келе жатқанының айқын көрсеткіші. Бүгін 16 команда өз әзірлемелерін инвесторлар мен сарапшыларға таныстырды. Біз үшін стартап негізін қалаушылардың технология жасап қана қоймай, оны нақты өмірде қолданудың жолдарын табуы, нарық қажеттіліктерін түсінуі және өз әзірлемелерін тұтынушылар ақша төлеуге дайын өнімге айналдыруы маңызды. Біз кәсіпкерлерге алғашқы идеядан бастап нарыққа шығу және бизнесті кеңейту кезеңіне дейін қолдау көрсетеміз», — деді Astana Hub басқарушы директоры Танат Үскембаев.
Demo Day аясында білім беру, ауыл шаруашылығы, биотехнология, логистика, көлік, маркетинг және бизнес-аналитика салаларындағы жобалар таныстырылды. Финалистер жасанды интеллектке негізделген шешімдерді, бизнеске арналған цифрлық платформаларды және күнделікті міндеттерді жеңілдететін сервистерді ұсынды.
«Startup Garage бағдарламасына қатысқан үш ай ішінде VocaData жобамыз өнімнің бастапқы нұсқасынан (MVP) алғашқы ақылы корпоративтік пилоттық жобаларға дейін жетті. Біз алғашқы клиентімізді тауып, одан қайталама тапсырыс та алдық. Бағдарлама өнімімізге тек техникалық тұрғыдан емес, бизнес тұрғысынан да қарауға көмектесті: даму стратегиясын құруды, нарықтағы орнымызды анықтауды және өнім әзірлеуден нақты сатылымға қалай өту керектігін түсіндік. Әсіресе трекерлермен жұмыс пен сарапшылардың кері байланысы пайдалы болды. Соның арқасында технологиялық шешімімізді нарықта сұранысқа ие бизнес-өнімге айналдыруға мүмкіндік алдық», — деді Атырау қаласынан VocaData стартапының негізін қалаушы Ринат Дархан.
«Startup Garage бағдарламасында біз бастапқы болжамды тексеруден алғашқы төлемді алуға дейінгі жолдан өтіп, жалпы сомасы 15 млн теңгені құрайтын жылдық келісімшарттар жасадық. Акселерация өте қарқынды өтті. Әсіресе трекерлермен жұмыс істеу құнды тәжірибе болды. Олар кәсіпкерлік ойлау жүйемізді өзгертуге, жобаның дамуына жаңаша қарауға және өз күшімізге сенуге көмектесті», — деді Астана қаласынан Brok.kz стартапының жоба менеджері Алтынай Құрманғалиева.
Startup Garage — Astana Hub-тың идея немесе ең төменгі өміршең өнім (MVP) кезеңіндегі стартаптарға арналған онлайн инкубациялық бағдарламасы. Онлайн форматтың арқасында оған Қазақстанның әр өңірінен, соның ішінде техникалық білімі жоқ кәсіпкерлер де қатыса алады. Трекерлердің қолдауымен командалар бизнес-гипотезаларын тексереді, нарық қажеттіліктерін зерттейді, алғашқы клиенттерін табады және сату стратегияларын қалыптастырады.
2023 жылдан бері Startup Garage бағдарламасының алты легі өткізілді. Осы уақыт ішінде бағдарламаға 1 800-ден астам өтінім түсіп, 400-ден астам стартап оны аяқтады. Бағдарлама жұмыс істеген кезеңде стартаптар 285 млн теңгеден астам сатылым жасап, 175 жұмыс орнын ашты және 340 мың АҚШ долларынан астам инвестиция тартты. Кейбір түлектер халықаралық нарыққа шығып, өз өнімдерін АҚШ, Финляндия, Нидерланд және Швейцария елдерінде сатып жатыр.
Финалистердің жобалары
AgroShield BioAdvisor. Жылыжайлар мен бақтарға арналған жасанды интеллект платформасы. Фермерлерге өсімдік аурулары мен зиянкестердің пайда болу қаупі туралы алдын ала ескертіп, биопрепараттарды қоса алғанда, өңдеу тәсілдерін ұсынады. Жоба AgTech, заттар интернеті (IoT) және жасанды интеллект технологияларын біріктіреді.
AutoTribe.one. Автокөлікке қатысты жұмыстарды басқаруға арналған сервис. Автокөліктің жеке цифрлық парақшасын, ақылды хабарламаларды және AI-ассистентті қамтиды. Команда көлік иелеріне автокөлік туралы ақпаратты бір жерге жинап, оған қатысты күнделікті міндеттерді шешуге көмектесетін цифрлық құрал әзірлеуде.
Brok.kz. Кедендік декларацияларды жылдам рәсімдеуге арналған сервис. Өнім жүк рәсімдеумен айналысатын бизнеске бағытталған және бұл процесті жеңіл әрі түсінікті етуге арналған.
CLICKI. Әлеуметтік желілерде брендтерді органикалық трафик арқылы ілгерілетуге арналған сервис. Төлем қаралым санына қарай жүргізіледі. Жарнамалық орналастыру нәтижелерін бақылау үшін нақты уақыт режимінде есеп беретін жеке кабинет қарастырылған.
Hound. Ғылыми-зерттеу орталықтарына арналған биоинформатикалық алгоритм. Команданың мәліметінше, вирус әрекеті мен гендік мутацияларды болжау үшін ДНҚ тізбектерін пайдаланады. Жоба биотехнология мен терең технологиялар (deep tech) тоғысында дамып келеді.
Kelshi.kz. Іс-шараларды ұйымдастыруға арналған платформа. Цифрлық шақыру билеттерін жасау, мамандарды іздеу, қонақтарды басқару және іс-шараларды жоспарлау мүмкіндіктерін біріктіреді. Сервис іс-шараға дайындықтың бірнеше кезеңін бір платформада қамтиды.
LUMINO AI. Мұғалімдерге арналған білім беру экожүйесі. Команданың бағалауынша, курстарды әзірлеу және жүргізу жұмыстарының 80%-ына дейін автоматтандыра алады. Сондай-ақ оқушыларға сәйкес келетін мұғалімдерді таңдау үшін психометриялық әдістерді қолданады.
Qaida. Бизнеске арналған мекенжай сервисі және Қазақстанның жеке цифрлық карталары. Мекенжайларды біріздендіріп, кадастрлық деректерді, ӘАОЖ (КАТО) мәліметтерін және пошта индекстерін біріктіреді. Бұл мекенжай деректерімен бірыңғай жүйеде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
RailForma AI. Теміржол логистикасына арналған цифрлық платформа. Операцияларды, құжаттарды және деректерді бір жүйеге біріктіреді. Команданың мәліметінше, вагондарға қажетті құжаттарды дайындау небәрі бір минутты алады.
Sprinto kz. Испан тілін үйренуге арналған қазақстандық EdTech-стартап. Сөйлеу тәжірибесіне басымдық бере отырып, бейімделген микрооқыту әдістерін, интерактивті тапсырмаларды және жасанды интеллект технологияларын қолданады.
SPORTO. Пайдаланушыларға спорттық мақсаттарына жетуге көмектесетін жеке онлайн-жаттықтырушы. Ұсынымдар адамның өмірлік жағдайындағы өзгерістер мен жарақаттарға байланысты физикалық шектеулерді ескере отырып бейімделеді.
STEMLab Academy. Бағдарламалау мен робототехниканы тәжірибе арқылы үйретуге арналған платформа. Мектептер мен мұғалімдер үшін онлайн курстарды, практикалық тапсырмаларды және робототехника жиынтықтарын біріктіреді.
TapTym. Тұрғын үйді жөндеу және жайластыруға арналған цифрлық экожүйе. Құрылыс материалдарын сатып алу мен жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруды бір платформаға біріктіреді.
Tura. Қазақстан–Қытай көлік дәлізі бойынша жүк тасымалдауға арналған логистикалық биржа. Бір мәміле аясында тексерілген серіктестерді табу, келісімшарт рәсімдеу және жүктің қозғалысын ашық бақылау мүмкіндіктерін ұсынады.
Uvivion. Көлік құралдарын GPS арқылы бақылауға арналған B2B-платформа. Интеграторларға өз брендімен мониторинг сервисін іске қосуға мүмкіндік береді. Команданың мәліметінше, платформа қазірдің өзінде бес елдегі серіктестермен жұмыс істейді.
VocaData. Шағын және орта бизнеске арналған аналитикалық сервис. Пайдаланушы дауыс немесе мәтін арқылы сұрақ қойып, графиктері бар есеп алады. Әзірлеушілердің мәліметінше, есеп бірнеше секунд ішінде жасалады, ал деректердің құпиялылығын сақтау үшін файлдар пайдаланушының өз құрылғысында өңделеді.