Silkway Accelerator қатысушылары жалпы құны $8,1 млн инвестиция тартты

Astana Hub пен Google for Startups бірлескен Silkway Accelerator бағдарламасының кезекті төртінші лек акселерациясы аяқталды. Қатысушылар MRR көлемін 4,7 есеге арттырып, жалпы құны $450 мың көлемінде инвестиция тартты, сондай-ақ $150 мыңға алдын ала келісім алды.


Silkway Accelerator төртінші легіне қатысу үшін 7 елдің стартаптарынан 197 өтінім түсті. Соның ішінен Қазақстан, Грузия, Қырғызстан, Нигерия, Моңғолия, Тәжікстан мен Өзбекстан өкілдері қатысатын 15 жоба іріктелді. Олар 12 апталық интенсив бағдарламасынан сәтті өтті.  

 «Мемлекет басшысы 2026 жылға қарай экспорттық кірісті 1 миллиард долларға жеткізу міндетін қойды. Біз енді Кремний алқабында (АҚШ) құрылған алаңға ұқсас Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка (MENA) елдерінде дәл осындай орталық ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Біз стартаптардың соның ішінде Silkway Accelerator бағдарламасы арқылы осы нарықтарға шығуына қолдау көрсетеміз. Silkway Accelerator-дың төрт легінің нәтижесінде 49 стартап халықаралық нарыққа шықты. Бұл компаниялардың жалпы құны $250 млн, MRR $2,2 млн, ал акселерация кезінде олар $8,1 млн тартты», - деді Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев.

 Мысалы, жасанды интеллектің көмегімен медициналық түсірілімдерді талдау негізінде көз патологиясын анықтайтын жүйені жасап шығарған Zebra Eye стартапы акселератор кезінде жеке инвесторлардан $200 мың міндеттеме алды.

«Бағдарламаға қатысудың арқасында біз бизнестің ғана емес, адам проблемасын шештік. Бұл пайдасы болашақта көрінетін үлкен трансформация. Қазір біз мемлекеттік органдармен серіктестік орнаттық, жеке клиникалар нарығына шығудың жолын таптық.  Елдегі көпсалалы клиникалардың бірі бізбен жұмыс істеуге қызығушылық білдіріп отыр», - деп Zebra Eye бас директоры Яна Тен өз әсерімен бөлісті.

Demo Day іс-шарасында бағдарлама қатысушылары жобаларын таныстырды. Қазақстандық стартаптар: Aqyl Battle бүгінде 600 мыңнан астам адам тіркелген және 30 миллион ойын ойналған мобильді қосымшасын көпшілікке ұсынды. OILA балаларды гаджеттік тәуелділіктен құтқаруға арналған мобильді қосымшасын көрсетті. Python RPA стартапы жүйелік интеграторлар мен басқарылатын қызмет провайдерлеріне арналған қайталанатын тапсырмаларды автоматтандыру платформасын жасап шығарған. Ал, Arlan Biotech стартапының Al технологиясы негізінде наноденелерді генерациялау мен өндіруге арналған революциялық технологиясы бар, ол қазіргі қолданыстағы барлық технологияларға қарағанда тезірек және арзанырақ. Tastamat  сәлемдемелерді сақтау желісін пайдалануды кеңес етеді.

 

Моңғолия стартаптары: Carepay – барлығына тең, қолжетімді және қымбат емес медициналық көмек  көрсетуге бағытталған финтех-шешім ұсынады. Metacog Metrics персоналды іріктеу тиімділігін арттыру және компаниялардағы кадр  тұрақсыздығын азайту үшін ойын механикасын пайдалана отырып, soft skills-ті жанама бағалау жүйесін жетілдіріп жатыр. Metaland Metaverse жобасы барлық нақты коммуникация мен қызметті біріктіруге арналған.  

Өзбекстан стартапы Dalatek жемістер мен көкөністерге арналған Amazon ойлап шығарған. Ал, қырғызстандық стартап Mystory жасанды интеллектің көмегімен клиенттің өзі бас кейіпкер болатын ертегі құрастырады.

Еске салсақ, Қазақстан Орталық Азиядағы Google for Startups жаһандық компаниясымен бірлесе акселератор өткізіп жатқан бірінші және жалғыз мемлекет. Оқу Астанада офлайн форматта өтеді және үш айға созылады. Қатысушылар тегін баспанамен қамтамасыз етіліп, халықаралық қатысушыларға визалық қолдау көрсетіледі, сондай-ақ Google for Startups және Astana Hub-тан тренингтер мен менторлық қолдау бар.

Бағдарламаның біріншіекінші және үшінші легінің қатысушылары туралы толығырақ astanahub.com платформасынан білуге болады.

Google for Startups - 2011 жылы Google корпорациясы іске қосқан стартап бағдарламасы. Оның 125 елде 50-ден астам коворкинг пен акселераторы бар, технологиялық кәсіпкерлер үшін практикалық сабақтар ұсынады.

 

 

 

Пікірлер 6

Кіру пікір қалдыру үшін

👍👍👍

Жауап беру

Молодцы!

Жауап беру

Очень круто!) лучшие в Центральной Азии.

Жауап беру

Молодцы

Жауап беру