Astana Hub және Google for Startups жобасы Silkway Accelerator: стартаптар бірнеше есеге өсіп, жаңа нарыққа шықты

Акселерациялық бағдарламаға қатысушылардың арасында үш айда бағасын екі есеге арттырған компаниялар да, айлық табысы 22 есеге өскен стартаптар да бар.


Silkway Accelerator аясында жобаларын дамыту мүмкіндігіне ие болған 13 стартап бағдарламаны сәтті аяқтап, акселератор кезінде қол жеткізген жетістіктерімен бөлісті. Мысалы, Citix ақпараттық-навигациялық жүйесі Түркия мен БАӘ нарығына шықты. Zypl.ai стартапының негізін қалаушылар екі жаңа нарықта - Қазақстан мен Қырғызстанда сатылымды ұлғайтып, құнын 6 миллионнан 10 миллион долларға дейін арттырды. Ал Beyne.ai бет-әлпетін тану және фейкті іздеу жүйесі тек технологияларды әзірлеуден тұтас экожүйені құруға, ірі компаниялар интеграциясы және компьютерлік көруді дамытуға көшті.

«Бастапқыда бұл жай ғана стартаптарға арналған кезекті қарапайым бағдарлама деп ойладым, бірақ қазір өмірімдегі ең жақсы бағдарлама деп санаймын. Біз белсендірек, бірақ сонымен бірге барынша ойласып әрекет ете бастадық. Біз дамуды жеделдететін жаңа бизнес қадамдар іздестірдік. Атап айтқанда, Америка, Канада және Австралия нарықтарында белсенділігіміз артты», - деп өз әсерімен бөлісті Smoothly LTD бас директоры Ержан Асанов.

Оның ұйқыны жақсартатын Smoothly мобильді қосымшасы «Денсаулық және фитнес» категориясы бойынша Канада мен Австралиядағы App Store 100 үздік қолданбасының тізіміне еніп, 30 мыңнан астам жүктеуге қол жеткізді.

Қатысушылар бағдарлама мен трекерлердің арқасында жаһандық деңгейде ойланып,  бизнес стратегиясын қайта қарастырғандарын атап өтті. Silkway Accelerator бағдарламасы аясында стартаптар үш айда жақсы нәтиже көрсетті.

Акселератордың жүргізушісі - өнімдерді, қызметтерді және компанияларды әзірлеу, дамыту және нарыққа шығару бойынша халықаралық кеңесші Әлішер Хасанов. Оның Rutube, Рамблер, Яндекс, Yandex.Turkey, Digital October сияқты ірі компаниялар мен басқа да әйгілі акселераторларда жұмыс тәжірибесі бар.

«Мен бұл стартаптармен жұмыс барысында керемет күйде болдым, олар батыл және сенімді қимылдайды. Олар - Silkway Accelerator-дың алғашқы түлектері, барлық стартаптарға қалай дамып, әртүрлі елдерде өз позицияларын қалай нығайту керектігін көрсетеді. Мен қолымнан келгенше, оларды шарықтатуға тырыстым және олар бұдан биік асуларды алады деген үміттемін», - деді Әлішер Хасанов.

Үш ай ішінде CTOgram жобасы 230 мың белсенді автокөлік иелері мен 2 мыңнан астам жөндеу шеберханаларын қамтыды. Моңғолдық Fibo.cloud компаниясы Моңғолия үкіметімен мемлекеттік бұлттық қызметтерге келісім-шарт жасасып, Қазақстандағы телекоммуникациялық компаниямен келісімге қол қою арқылы ай сайынғы кірісін 22 есеге арттырды. FocusED now 15 миллион теңгеге келісім-шарт жасасып, нарықтағы орнын тапты. iDos Games 60 мың жаңа қолданушы тауып, айлық кірісін төрт есеге ұлғайтты. Naimi -  БАӘ нарығына шығып, 70 тапсырыс алды, оның сатылымы $6 мыңды құрады. Қырғызстандық NB Fit компаниясы өнімін АҚШ нарығына бейімдеп, АҚШ пен Еуропадан түсетін төлемдерді 20%-дан 30%-ға дейін арттырды. Ал Tripsome.com акселератордың 3 айындағы сатылымы бағдарламаға дейінгі 17 айдағыдан асып түсті. Сонымен қатар компания Қазақстанда веб-сайтты сәтті іске қосып, 30-дан астам жергілікті серіктестермен келісім-шартқа отырып, алғашқы сатылымдарын жүзеге асырды. UvU айналымды, кірісті және тапсырыстарды қоса алғанда, негізгі көрсеткіштерін 3-5 есе арттырды және бағытын кеңейтіп, бизнес үлгісін өзгертті. Zan.bar Еуропа нарығына шығып, өз өнімін Ұлыбританиядағы 12 банкпен біріктірді.

«Silkway Accelerator-дың бірінші легі өзінің тиімділігін көрсетті. Үш айдың ішінде барлық қатысушы компаниялар айтарлықтай өсті. Google және Astana Hub сарапшыларының қолдауымен стартаптар трансформациядан өтіп, тамаша нәтижелерге қол жеткізді. Қатысушылар осындай қарқында дамыса екен дейміз. Және біз бағдарламаны жалғастырып, жуырда екінші легінің жақсы нәтижелерін көреміз деген үміттеміз», - деді Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев.

Еске салайық, Silkway Accelerator бағдарламасының бірінші легі биыл шілде айында басталып, 28 қыркүйекте Digital Bridge форумында бағдарламаның қорытындысы бойынша Demo Day өтті. Оған Орталық Азия, Әзірбайжан және Моңғолия елдерінен стартаптар қатысты.

Silkway Accelerator бағдарламасының екінші легі 2 қыркүйекте басталды.  Астанада офлайн тәртіпте өтіп жатқан оқу 3 айға созылады. Silkway Accelerator қатысушылары тәлімгерлікпен қатар, Astana Hub жанында тегін баспанаға, жұмыс орнына ие болды, сондай-ақ Seed Money бағдарламасы бойынша 55 мың АҚШ долларына дейін қаржы алу мүмкіндігі бар.

Google for Startups  - 2011 жылы Google корпорациясы іске қосқан стартап бағдарламасы. Ол 125 елдегі 50-ден астам коворкинг пен акселератордан тұрады және бизнесті жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін практикалық сабақтар ұсынады. Astana Hub биыл Google for Startups бағдарламасының Орталық Азиядағы алғашқы серіктесі болды.

Пікірлер 2

Кіру пікір қалдыру үшін

А когда будет следующий старт программы если известно?

Жауап беру

Пока неизвестны даты, но планируется провести ближайший поток весной.

Жауап беру