Astana Hub пен «Freedom Кино және ТВ» инновациялар мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Серіктестік Қазақстанның бизнесін, стартаптарын, инвесторларын, білім беру және ғылыми-зерттеу ұйымдарын біріктіретін кәсіби ортаны дамытуға бағытталған.
Құжатқа Astana Hub бас директоры Мағжан Мадиев пен Freedom Media бас директоры Тимур Байыров қол қойды.
Тараптар білім мен тәжірибе алмасуды жолға қойып, жаңа технологияларды дамытуға және оларды коммерцияландыруға ықпал етуге ниетті. Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі — екі ұйым өкілдерінің конференциялар, форумдар, семинарлар мен B2B кездесулерге қатысуы болмақ. Мұндай форматтар кәсіби қоғамдастық өкілдеріне іскерлік байланыс орнатуға және бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылауға жол ашады.
«Әзірлеушілер мен бизнес тізе қоса жұмыс істегенде технологиялар әлдеқайда жылдам дамиды. "Freedom Кино және ТВ" компаниясымен серіктестік осындай байланыс пен тәжірибе алмасуға кең жол ашады. Бұл ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындап, бірлескен жобаларды іске қосуға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Astana Hub бас директоры Мағжан Мадиев.
Меморандум ұзақмерзімді ынтымақтастыққа берік негіз қалайды. Оның аясында тараптар ортақ мүдделерді айқындап, жаңа технологияларды зерттеу, әзірлеу және тәжірибеге енгізуге қатысты бастамаларды бірлесе үйлестіре алады.
«Біз үшін бұл меморандум жай ғана ресми құжат емес, нақты іс-қимылдың берік негізі. Біз ынтымақтастықтың екі негізгі бағытын көріп отырмыз: жасанды интеллект технологияларын, соның ішінде Higgsfield AI тәжірибесі мен сараптамасын пайдалана отырып контент дамыту және авторлық құқықты қорғауды күшейту. Astana Hub-пен бірлесе отырып, заңсыз таралатын контентке дер кезінде тосқауыл қою мақсатында Telegram мен TikTok секілді цифрлық платформалармен әлдеқайда нәтижелі байланыс орнатпақпыз», — деп атап өтті Freedom Media бас директоры Тимур Байыров.
«AI & Digital Bridge 2026» форумы Қазақстандағы Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында ұйымдастырылып, жасанды интеллект, цифрлық технологиялар, кәсіпкерлік пен адами капиталды дамыту бастамаларын тоғыстырған «AI MONTH» айлығының басты халықаралық оқиғасына айналды.
«AI & Digital Bridge 2026» форумының ұйымдастырушылары — Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және «Astana Hub» халықаралық инновациялық кластері.
«AI & Digital Bridge 2026» форумы демеушілік қаражат есебінен әрі серіктестердің қолдауымен өтті:
Алтын серіктестер: Freedom Bank, Kaspi Bank, «Самұрық-Қазына» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ;
Күміс серіктес: Halyk Bank;
Бизнес-серіктес: Beeline Қазақстан;
Қола серіктес: Yandex Qazaqstan;
Телеком-серіктес: Freedom Telecom Operations;
Технологиялық серіктес: «Транстелеком» АҚ;
Ресми әуе тасымалдаушысы (Official Airline Partner): Air Astana.