Alageum Electric – Қазақстандағы электротехника саласындағы ірі компаниялар тобы. Ол электр машиналарын жасау және инфрақұрылымдық құрылыс бағытында жұмыс істейтін кәсіпорындарды біріктіреді. Топ құрамына еліміздегі жетекші өндіріс орындары кіреді: Кентау трансформатор зауыты, Asia Trafo зауыты, Орал трансформатор зауыты және Алматы электрмеханикалық зауыты. Компания электротехникалық жабдықтарды жобалау мен өндіруден бастап энергетикалық инфрақұрылым нысандарын салуға дейінгі жұмыстардың толық циклін жүзеге асырады. Сонымен қатар өз өнімдерін ТМД елдеріне және алыс шетел нарықтарына экспорттайды.
Платиналық серіктес мәртебесі Alageum Electric компаниясының елдің өнеркәсіптік және энергетикалық инфрақұрылымын дамытудағы маңызды үлесін айқындайды. Компания деректерді өңдеу орталықтарының (ДӨО) инфрақұрылымы, өндірісті автоматтандыру және энергетика саласын цифрландыру сияқты бағыттарды қамтитын жобаларды іске асыруға қатысып, цифрлық экономиканың тұрақты энергетикалық негізін қалыптастыруға үлес қосып келеді.
Еске салайық, биыл Digital Qazaqstan 2026 форумы алғаш рет еліміздегі ең қарқынды дамып келе жатқан өңірлік орталықтардың бірі Шымкент қаласында Industry 5.0 тақырыбы шеңберінде өтеді. Ол экономиканың адами капиталға бағытталған әрі өзара ықпалдастыққа негізделген жаңа индустриялық кезеңге өтуін білдіреді.
Форумды Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Шымкент қаласының әкімдігі және Astana Hub бірлесіп ұйымдастырады.