Aqtobe IT Hub-қа ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов келді
Ақтөбе облысына сапары барысында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайыловқа өңірдегі ақпараттық технологиялар мен инновацияларды дамытуда маңызды рөл атқаратын өңірлік Aqtobe IT Hub таныстырылды.
“Әрбір қалада қалалық және ауыл жастарының цифрлық технологияларда білім алуға және қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беретін ІТ-индустрияны дамыту орталығы болуы керек. Олар болашақта экономикамызды цифрландырудың негізі болуы керек. Цифрлық технологияларсыз одан әрі даму мүмкін емес», - деді Әлихан Смайылов.
Премьер-Министр цифрлық технологиялар саласын дамыту үшін ҚР астанасында салықтық преференцияларды қарастыратын және барлық әкімшілік рәсімдерді жеңілдететін халықаралық IT-хаб құрылғанын атап өтті.
«Қазір нәтижелерді көріп отырмыз. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша IT өнімдері мен қызметтері есебінен $300 млн-нан астам экспорт бар. Биыл ол $500 млн құрап отыр. Екі-үш жылдың ішінде $1 млрд долларға жетеді деп күтілуде. Сондықтан бұл тәжірибені тарату маңызды», — деді ол.
Шараға ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов, Aqtobe IT Hub демеушісі Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов және жергілікті IT қауымдастық өкілдері болды.
“Өңірлердің жұмыс тәжірибесі қазірден оң нәтиже көрсетіп отыр. Мәселен, хабтарда идеялары мен стартаптары бар жас және талантты кәсіпкерлер ерте кезеңде тәрбиеленеді, олар оқудан кейін Astana Hub-тың өзінде одан әрі өсу, масштабтау және акселерациядан өту, сондай-ақ шетелдегі әріптестік бизнес-бағдарламаларға қатысу мүмкіндік алады”, - деді Бағдат Мусин.
Өңірлік хабтар өз өңірлерінде инновациялық жобаларды дамытумен, IT-саласы кадрларын даярлаумен және оқытумен айналысады. Олар сондай-ақ барлық қызығушылық білдірген жандар бас қосатын стартаптардың, инвесторлардың, менторлардың жергілікті IT-қауымдастығын құрайды. Инкубациялық кезеңде стартап-жобаларды әзірлеу кезінде кәсіпкерлікке оқыту, инвестициялар тартуға көмектесу, қаржылық есеп жүргізу және PR-қолдау жүзеге асырылады.
"Өңірлік IT хабтарды дамыту Astana Hub-тың басты міндеттерінің бірі. Біз биыл ел бойынша 14 өңірлік IT-хаб ашуды мақсат етіп отырмыз. Бүгінгі таңда Aqtobe IT Hub-тан бөлек 8 өңірлік хаб табысты жұмыс істеп жатыр", - деді Astana Hub басқарушы директоры Алина Абдрахманова.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР ЦДИАӨМ бастамасымен, Astana Hub және жергілікті ақтарушы органдардың қолдауымен жыл басынан бері Қазақстанның 8 өңірінде: Abai IT Valley (Семей), Kyzylorda Hub (Қызылорда), Digital Jetisu (Талдықорған), Zhambyl Hub (Тараз), Oskemen IT Hub (Өскемен), Jaiq Hub (Орал), Turkistan IT Hub (Түркістан), Aqtobe IT Hub (Ақтөбе) және Qostanai IT Hub (Қостанай) ашылды.
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін