Astana Hub IТ-қауымдастықты ICT WEEK UZBEKISTAN 2022 іс-шарасына қатысуға шақырады

24-28 қазан аралығында Өзбекстанда ІТ-саланың маңызды оқиғасының бірі - ICT WEEK UZBEKISTAN өтеді. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қазақстандық делегацияны бастап барады.


ICTWEEK UZBEKISTAN 2022 – сарапшылар АКТ нарығына баға беріп, тәжірибесімен бөлісетін, саланың жаңа жетістіктерімен танысып, іскер серіктестер табуға мүмкіндік беретін алаң. Биыл іс-шара көне және тарихи Самарқан қаласында өтеді.

Қатысушылар Өзбекстан ІТ-экожүйесіндегі әйгілі тұлғалармен кездесіп, ICTEXPO 2022 ақпараттық технологиялар көрмесінде өз жобасын ұсынып, ICTWEEK UZBEKISTAN - 2022, Digital Eurasia халықаралық форумында, ВРО & Startups Conference және басқа да іс-шараларға қатыса алады.

Қатысуға өтінішті 12 қазанға дейін https://bit.ly/3rSDTPD сілтемесі арқылы жолдауға болады. Орындар шектеулі, алаңды жалға алу және стандартты құрылыс шығындарын Astana Hub өтейді. Жол жүру құнын, тұратын орнын, логистиканы, тамақтану және басқа да шығындарды қатысушылар өздері төлейді.

Іс-шараның толық бағдарламасы мына сілтемеде https://www.ictweek.uz/ru

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін