Astana Hub, Alem.ai Foundation және Yandex Qazaqstan машиналық оқыту мен жасанды интеллект саласында мамандар даярлайтын екі жылдық оқу бағдарламасы — ML School Kazakhstan жобасын іске қосады.
Қабылдау сынақтарының қорытындысы бойынша бірінші лекке 35-ке дейін қатысушы іріктеліп алынады. Оқу тегін жүргізіледі. Өтінімдерді 2026 жылдың 8 қазанына дейін беруге болады.
Бағдарлама IT, математика және техникалық бағыттағы дайындық деңгейі жоғары студенттер мен мамандарға арналған. Түлектер технологиялық секторға қажетті шешімдерді — классикалық машиналық оқыту жүйелерінен бастап, нейрондық желілер, компьютерлік көру, табиғи тілді өңдеу мен үлкен тілдік модельдерге дейін әзірлейтін болады.
Оқу процесі Астана қаласындағы alem.ai Халықаралық жасанды интеллект орталығында аптасына екі-үш рет офлайн форматта өтеді. Әр сабақ үш сағатқа созылады. Негізгі бағдарлама Yandex Мәліметтерді талдау мектебінің академиялық тәсілдері мен озық тәжірибесіне сүйене отырып әзірленген.
Оқу жоспары аясында математика, статистика, алгоритмдер және машиналық оқыту бойынша іргелі білім беріледі. Сонымен қатар, қатысушылар нейрондық желілер, компьютерлік көру, генеративті жасанды интеллект және табиғи тілді өңдеу бағытындағы заманауи технологияларды меңгереді.
Дәрістер мен семинарларды Yandex сарапшылары, техникалық жоғары оқу орындарының оқытушылары, сондай-ақ машиналық оқыту мен жасанды интеллект саласының зерттеушілері жүргізеді.
Бағдарлама барысында тәжірибелік жұмыстарға айрықша мән беріледі. Қатысушылар деректерді өңдеп, талдауды, ML-модельдерді оқыту мен бағалауды, компьютерлік көру және NLP міндеттерін шешуді үйренеді. Сондай-ақ, олар ML-жүйелерді әзірлеу және қолданысқа енгізу тәсілдерімен танысады.
«Alem.ai орталығында ML School ашу — Қазақстанның Еуразия кеңістігіндегі жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі жетекші орталықтардың бірі ретіндегі тұғырын нығайту жолындағы маңызды қадам. Біз бәсекеге қабілетті технологияларды әзірлеп, еліміздің цифрлық болашағын айқындайтын жаңа буын мамандарын даярлауға инвестиция салып отырмыз. Мұндай бағдарламалар Қазақстанның кадрлық әлеуетін одан әрі арттыруға негіз қалап, дарынды инженерлер мен зерттеушілерді тартуға қолайлы жағдай жасайды», — деп атап өтті Astana Hub бас директоры Магжан Мадиев.
ML School Kazakhstan бағдарламасына іріктеу екі кезеңнен тұрады: онлайн-тестілеу және офлайн сұхбаттасу. Бірінші кезеңде үміткерлер математика мен бағдарламалау бойынша тапсырмалар орындайды. Сұхбаттасуға ең жоғары нәтиже көрсеткен үміткерлер шақырылады. Іріктеу барысында олардың сызықтық алгебра, алгоритмдер, статистика және математикалық талдау бойынша білімі бағаланады.
«ML School аясында біз дарынды қатысушылардың әлемдік деңгейдегі AI-шешімдерін әзірлеуге қабілетті және тұтас технологиялық сектор үшін биік меже белгілейтін кәсіби маман болып қалыптасуына қолдау көрсету мақсатында индустрия көшбасшыларының озық тәжірибесін топтастырамыз», — деп атап өтті Alem.ai Foundation CEO-сы Адина Магавина.
Негізгі бағдарламаны табысты меңгерген түлектерге ML School Kazakhstan сертификаты табысталады. Сонымен қатар, олар Yandex Мәліметтерді талдау мектебінің жекелеген курстарынан қосымша өту мүмкіндігіне ие болады.