Astana Hub пен IT Park Uzbekistan Лондонда Eurasia Growth Hub орталығын ашты. Халықаралық хабтың іске қосылуымен Қазақстан мен Өзбекстанның технологиялық компаниялары Ұлыбритания нарығында жұмыс істеуге арналған жаңа алаңға ие болды. Мұнда олар әлеуетті клиенттермен және инвесторлармен алғашқы келіссөздер жүргізіп, пилоттық жобаларды іске асыру үшін серіктестер таба алады. Ал британдық компаниялар Eurasia Growth Hub арқылы Қазақстан мен Өзбекстан нарықтарына шығып, жергілікті командалармен бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болады.
«Стартап жаңа нарыққа шыққанда, ең алдымен, оның өнімін кім сынап көруге дайын екенін және бұл өнім жергілікті клиенттің қандай мәселесін шешетінін түсіну маңызды. Eurasia Growth Hub Қазақстан мен Өзбекстан командаларына әр кезеңде қолдау көрсетеді: Ұлыбританияда компанияны тіркеуден бастап, клиенттермен, серіктестермен және инвесторлармен байланыс орнатуға, алғашқы пилоттық жобаларды іске қосуға және кейіннен өнімді Ұлыбритания мен Еуропа нарықтарында сатуға дейін. Өз кезегінде хаб британдық компанияларға біздің елдеріміздің технологиялық бизнесімен танысуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыратын командаларды табуға көмектеседі», — деді Astana Hub басқарушы директоры Танат Ускембаев.
Алғашқы кезеңде Eurasia Growth Hub Қазақстан мен Өзбекстанның технологиялық компанияларына Ұлыбритания нарығына шығу барысында практикалық қолдау көрсетуге басымдық береді. Лондондағы команда стартаптар үшін әлеуетті клиенттерді, инвесторларды және салалық серіктестерді іздеп, әр компанияның қажеттіліктеріне сәйкес келіссөздер ұйымдастырады. Сондай-ақ хаб командаларға өз өнімдеріне деген сұранысты бағалауға, жергілікті серіктестермен жұмыс орнатуға және Ұлыбританияда бизнесті іске қосу кезіндегі операциялық мәселелерді шешуге көмектесетін нарыққа бейімдеу (soft landing) бағдарламасын әзірлеуді жоспарлап отыр. Іскерлік байланыстарды дамыту мақсатында хаб бизнес-миссиялар, салалық форумдар мен вебинарлар өткізеді. Болашақта Eurasia Growth Hub бұл қолдау моделін Еуропаның басқа нарықтарына да кеңейтуді көздейді.
«Әр команданың мақсаты әртүрлі болады. Біріне Ұлыбританияда оның өнімін сатып алу туралы шешімді кім қабылдайтынын анықтау маңызды болса, екіншісіне пилоттық жобаны іске асыратын серіктес табу қажет. Біз кездесулерді кімдермен ұйымдастыратынымызды және командаға жергілікті жерде қандай қолдау қажет болатынын осы міндеттерге қарай анықтаймыз», — деді Eurasia Growth Hub бас директоры Музаффар Карабаев.
Astana Hub, IT Park Uzbekistan және Eurasia Growth Hub 2026 жылғы 2 қазанда ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Лондонда ашылған жаңа алаң Қытайда, Біріккен Араб Әмірліктерінде, Малайзияда және АҚШ-та жұмыс істеп тұрған Astana Hub пен IT Park Uzbekistan бірлескен шетелдік хабтарының желісін толықтырды.