Меморандумға қол қою рәсіміне Ұлттық ғылыми орталықтың Басқарма төрағасы Гүлнара Кулкаева мен Astana Hub басқарушы директоры Таңат Өскембаев қатысты. Бұл әріптестік денсаулық сақтау саласындағы жетекші мемлекеттік ғылыми-сараптамалық ұйым мен Орталық Азиядағы ірі инновациялық хабты біріктіріп отыр.
Ынтымақтастықтың негізгі мақсаты – стартап-экожүйе мен денсаулық сақтау жүйесінің арасында тұрақты әрі тиімді байланыс орнатып, ғылыми сараптама мен әдіснамалық қолдауға сүйене отырып, перспективалы технологиялық шешімдерді практикаға енгізу.
Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы елдегі денсаулық сақтау саясатын ғылыми-әдістемелік тұрғыда сүйемелдейтін жетекші ұйым болып саналады. Меморандум аясында Орталық Astana Hub кластеріне MedTech шешімдерді, оның ішінде цифрлық және жасанды интеллектіге негізделген өнімдерді бағалау бойынша сараптамалық, аналитикалық және әдіснамалық қолдау көрсетіп, стартап жобаларға қатысты сараптамалық қорытындылар әзірлеуге қатысады.

Өз кезегінде Astana Hub стартаптар туралы ақпаратты, олардың таныстырылым материалдарын, даму көрсеткіштері мен аналитикалық деректерін ұсынып, инновациялық командаларға ұлттық деңгейдегі сарапшылардан кәсіби баға мен ұсыныс алу мүмкіндігін қалыптастырады.
Әріптестік шеңберінде денсаулық сақтау жүйесінің цифрлық трансформациясына, жасанды интеллект шешімдерін енгізуге, MedTech бағытындағы инновациялық экожүйені дамытуға және сала қатысушыларының құзыреттерін арттыруға ерекше назар аударылады. Бұл бастама Қазақстанда медициналық технологиялар саласында орнықты әрі жетілген экожүйе қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болмақ.