Astana Hub пен Оңтүстік Кореяның жетекші стартап-акселераторлары мен венчурлық инвесторларының бірі — SparkLabs Korea ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Бұл құжат Қазақстан мен Корея Республикасының технологиялық экожүйелері арасындағы байланысты нығайтуға, келешегі зор стартаптарды қолдауға және олардың халықаралық нарықтарға шығу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.
Келісім стартаптарды дамыту, акселерация және венчурлық қаржыландыру саласында тәжірибе және сарапшылық біліммен алмасуды көздейді. Сонымен қатар, тараптар бірлескен бастамалар мен акселерациялық бағдарламаларды іске қосу, түрлі іс-шаралар өткізу, инвесторлармен байланыс орнату және технологиялық компаниялардың Қазақстан, Корея Республикасы мен өзге де елдердің нарықтарына шығуына қолдау көрсету мүмкіндіктерін қарастыруға ниетті.
2012 жылы Сеулде құрылған SparkLabs Korea бастапқы кезеңдегі (early-stage) технологиялық стартаптарға қолдау көрсетуге маманданған. Компания акселерациялық бағдарламаларды жүзеге асырып, кәсіпкерлер мен инвесторлар тарапынан seed-инвестициялар және менторлық қолдау ұсынады.
Сонымен қатар, стартаптарға өнімнің нарық сұранысына сәйкестігін — product-market fit-ті дәл табуға, кезекті қаржыландыруды тартуға және ішкі нарықтан тыс жерлерде ауқымын кеңейтуге көмектеседі.
Он жылдан астам уақыт ішінде SparkLabs Korea 270-тен астам стартапқа қолдау көрсетті. Акселератор жасанды интеллект, SaaS, финтех, денсаулық сақтау, deeptech, ойын индустриясы, аппараттық шешімдер және өзге де технологиялық бағыттардағы жобалармен жұмыс істейді.
Бұл ынтымақтастық қазақстандық стартап-экожүйе мен Корея Республикасының технологиялық және инвестициялық қоғамдастығы арасындағы байланысты нығайтуға жол ашады. Сонымен қатар, сарапшылық тәжірибе алмасуды кеңейтіп, келешегі зор жобаларды дамытуға және олардың халықаралық деңгейде ауқымын кеңейтуіне қосымша мүмкіндіктер жасайды.