AI & Digital Bridge 2026 халықаралық технологиялық форумы аясында Astana Hub, IT Park Uzbekistan және Eurasia Growth Hub ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Серіктестік Қазақстан мен Өзбекстанның технологиялық компанияларына шетелден тапсырыс берушілер, инвесторлар мен іскер серіктестер табуға көмектеседі.
Құжатқа Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев, IT Park Uzbekistan бас директоры Азамат Қараматов және Eurasia Growth Hub бас директоры Мұзаффар Қарабаев қол қойды.
Тараптар бірлескен форумдар, вебинарлар, іскерлік миссиялар мен B2B кездесулер өткізуді, сондай-ақ екі елдің стартап-экожүйелері арасындағы байланысты нығайтуды жоспарлап отыр. Бұл компанияларға әлеуетті тапсырыс берушілермен, стратегиялық әріптестермен, реселлерлермен, жүйелік интеграторлармен, инвесторлармен және акселераторлармен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
Ынтымақтастықтың маңызды бір бағыты — Eurasia Growth Hub арқылы қазақстандық және өзбекстандық стартаптардың Ұлыбритания мен өзге де елдердің нарығына шығуына кешенді қолдау көрсету болмақ. Серіктестер нарықты зерттеу, бизнесті дамыту және операциялық мәселелерді шешу бойынша көмекті қамтитын soft landing тетіктерін құру мүмкіндігін қарастырады.
«Қазақстан мен Өзбекстанда мықты технологиялық командалар мен дарынды кәсіпкерлер шоғырланған. IT Park Uzbekistan-мен бірлесе отырып, біз олардың халықаралық нарықтарға шығуына, жаңа тұтынушылар мен серіктестер тауып, өз өнімдерін дамытуына жан-жақты қолдау көрсеткіміз келеді. Қос экожүйе мен халықаралық әріптестеріміздің мүмкіндіктерін біріктіру арқылы біз өңірдегі IT-компаниялардың өз елінен тыс жерлерде еркін қанат жаюына жағдай жасаймыз», — деп атап өтті Astana Hub бас директоры Мағжан Мадиев.
«Өзбекстан мен Қазақстанның экожүйелері қарқынды дамып келеді, ал қос елдің технологиялық компанияларының халықаралық нарықтағы әлеуеті өте зор. Бұл серіктестік стартаптарға жаңа практикалық мүмкіндіктерге — серіктестер мен тапсырыс берушілер табудан бастап, инвестиция тартуға дейін жол ашады. Ал жасанды интеллект және ғылыми-зерттеу (R&D) саласындағы бірлескен бастамалар жаһандық деңгейде бәсекеге қабілетті өнімдер жасауға септігін тигізеді. Біз үшін бұл ынтымақтастықтың екі ел компаниялары үшін нақты нәтиже беруі маңызды», — деп атап өтті IT Park Uzbekistan бас директоры Азамат Қараматов.
«Біздің басты міндетіміз — стартаптарға өз өнімдерін шетелдік нарықтардың талаптарына бейімдеуге және қажетті іскерлік байланыстар орнатуға қолдау көрсету. Eurasia Growth Hub алаңы арқылы IT-командалар нақты практикалық көмек алып, нарықты зерттеу кезеңінен әлеуетті тапсырыс берушілермен және серіктестермен келіссөз жүргізуге тезірек көше алады», — деп атап өтті Eurasia Growth Hub бас директоры Мұзаффар Қарабаев.
Меморандум аясында жасанды интеллект және ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелер (R&D) саласындағы бірлескен бастамалар да қарастырылған. Олардың қатарында білім алмасу, қанатқақты (пилоттық) жобалар, менторлық бағдарламалар және технологиялық компаниялардың ғылыми әрі білім беру ұйымдарымен өзара тығыз байланыс орнатуы бар.
«AI & Digital Bridge 2026» форумы Қазақстандағы Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында ұйымдастырылып, жасанды интеллект, цифрлық технологиялар, кәсіпкерлік пен адами капиталды дамыту бастамаларын тоғыстырған «AI MONTH» айлығының басты халықаралық оқиғасына айналды.
«AI & Digital Bridge 2026» форумының ұйымдастырушылары — Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және «Astana Hub» халықаралық инновациялық кластері.
«AI & Digital Bridge 2026» форумы демеушілік қаражат есебінен әрі серіктестердің қолдауымен өтті:
Алтын серіктестер: Freedom Bank, Kaspi Bank, «Самұрық-Қазына» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ;
Күміс серіктес: Halyk Bank;
Бизнес-серіктес: Beeline Қазақстан;
Қола серіктес: Yandex Qazaqstan;
Телеком-серіктес: Freedom Telecom Operations;
Технологиялық серіктес: «Транстелеком» АҚ;
Ресми әуе тасымалдаушысы (Official Airline Partner): Air Astana.