Көмірсутек шикізатын өндіру саласындағы компаниялар міндетті аударымдарын өз кәсіпорындарына цифрлық шешімдер енгізуге бағыттай алады. Бұл тетіктің операторы ретінде Astana Hub технологиялық міндеттерді қарастырудан бастап, отандық IT-компанияларды іріктеу мен шешімдерді жүзеге асыруға дейін жобаларды толық сүйемелдейді.
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Энергетика министрлігі көмірсутектер саласындағы цифрландыру жобаларын қаржыландыру қағидаларын бекітетін бірлескен бұйрыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес, қаржыландыру жер қойнауын пайдаланушының өткен жылдың қорытындысы бойынша көмірсутектерді өндіру кезеңінде жұмсаған шығындарының бір пайызы мөлшерінде жүзеге асырылады. Қағидалар 2026 жылғы 22 қарашада күшіне енеді.
Қағидалар көмірсутек өндіру саласындағы жер қойнауын пайдаланушыларға өндіру шығындарының 1%-ы мөлшеріндегі міндетті қаражатты тек ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға (ҒЗТКЖ) ғана емес, цифрландыру жобаларына да бағыттауға мүмкіндік береді. Компаниялар қаражатты бұл бағыттар арасында өз бетінше бөліп, цифрландыруға көзделген көлемнің барлығын немесе бір бөлігін жұмсай алады. Бұл ретте міндеттеме мөлшері артпайды.
«Жаңа тетік кәсіпорындарға өндірістің нақты қажеттіліктеріне сай келетін цифрлық технологияларды міндетті аударымдар есебінен енгізуге мүмкіндік береді. Бұл саланы жаңғыртуға, оның тиімділігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздігін арттыруға қосымша жағдай жасайды. Сонымен қатар отандық IT-шешімдерге сұраныс қалыптасып, жер қойнауын пайдаланушылар мен қазақстандық әзірлеушілер арасындағы ынтымақтастық аясы кеңейеді», – деді ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ғиззат Байтұрсынов.
Тетіктің операторы «Astana Hub» АКҚ болады. Кластер жобаларды технологиялық міндетті қарастыру мен орындаушыларды іріктеуді ұйымдастырудан бастап, шарт жасасу мен іске асыруға дейінгі барлық негізгі кезеңде сүйемелдейді. Шешімдерді іріктеуге отандық IT-компаниялар мен салалық сарапшылар тартылады.
«Astana Hub мұнай-газ кәсіпорындары мен қазақстандық IT-компаниялар арасындағы дәнекер болады. Бүгінде Astana Hub экожүйесі 2 700-ден астам IT-компания мен сарапшыны біріктіреді. Олардың құзыреті өнеркәсіпте, соның ішінде жасанды интеллект пен Physical AI негізіндегі шешімдерді әзірлеуде сұранысқа ие бола алады. Жаңа тетік аясында нақты өндірістік міндеттерге сай келетін отандық технологиялық шешімдер іріктеліп, оларды енгізу үдерісі сүйемелденеді. Бұл салада цифрлық технологияларды қолдану аясын кеңейтіп, қазақстандық IT-нарықтың дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады», – деп атап өтті Astana Hub бас директоры Мағжан Мадиев.
Кәсіпорындармен өзара іс-қимыл Ұлттық инновациялық жүйенің «Бірыңғай терезесі» арқылы электрондық форматта жүргізіледі. Жер қойнауын пайдаланушылар цифрландыру жобаларын іске асыруға техникалық тапсырмасымен бірге өтінім жолдай алады. Өтінімдерді Энергетика министрлігі жанындағы Ғылыми-техникалық кеңес қарайды, одан кейін Astana Hub Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Энергетика министрлігі өкілдерінің қатысуымен сараптама жүргізеді. Содан соң Astana Hub инновациялық кластерінің қатысушылары арасынан конкурстық негізде орындаушылар іріктеліп, шарттар жасалады да, жобалар жүзеге асырыла бастайды.
Жаңа тәртіп мұнай-газ компанияларына қолданыстағы міндеттемелер аясында өндірісті цифрландыруды қаржыландыруға мүмкіндік береді. Ал қазақстандық IT-компаниялар орындаушы ретінде қатысып, өз шешімдерін өнеркәсіптік кәсіпорындарға енгізе алады.
Болашақта бұл тәсілді жер қойнауын пайдаланудың өзге де бағыттарында қолдану жоспарланып отыр.