Astana Hub Қазақстан мен ТМД елдерінің IT-компаниялары арасында Цифрлық байқау жариялады.

Орталық Азияның ірі технопаркі Astana Hub Қазақстан мен ТМД елдерінің IT-компаниялары арасында Цифрлық конкурс жариялады. Бас жүлде - 128 мың доллар немесе 55 миллион теңге сомасындағы келісімшарт. ⠀


Конкурсқа қатысушылар қызмет көрсету, өтінімдер өңдеу және экожүйенің деректерін талдау мүмкіндігі бар Қазақстан стартап-экожүйесінің бірыңғай алаңы - TechHub.kz платформасын әзірлеп шығуы қажет.

Байқауға 18 жасқа толған кез келген адам қатыса алады. Конкурсқа қатысушының заңды тұлға болуы міндетті, жеңімпаз жеңіске жеткен кезде жобаны толық жүзеге асыру үшін келісімшарт жасалады.

Жүлде қоры:

1 орын - 128 мың долларға немесе 55 000 000 теңгеге келісімшарт.

2 орын - 2,3 мың доллар немесе 1 000 000 теңге.

3 орын - 1,16 мың доллар немесе 500 000 теңге.

(*нақты сома шартты жасасу күніндегі ҚР Ұлттық банкінің бағамы бойынша 55 млн теңге, 1 млн теңге және 500 мың теңгеге барабар айқындалатын болады).

Әділ қазылар алқасының құрамы: "Ihsan Capital" директоры - Амирхан Омаров, Booking.com инжиниринг менеджері - Алибек Датбаев, "Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы" АҚ президенті - Ильяс Оспанов, Wooppay.com негізін қалаушысы - Александр Дорошенко және "TechGarden" АНК бас директорының орынбасары - Айбек Альмухаметов.

Қатысу үшін өтінімді 2020 жылдың 17 қазанына дейін жіберуге болады. Өтінімді байқаудың веб-парақшасына өтіп беруге болады: https://contest.astanahub.com/

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін