Сапар барысында делегация үшін хаб аумағында экскурсия ұйымдастырылып, Astana Hub-тың негізгі қызмет бағыттары мен жасанды интеллект саласында мамандарды даярлауға бағытталған Tomorrow School мектебі таныстырылды.
Кездесу барысында стартап экожүйесіне де ерекше назар аударылды. Делегация мүшелері қазақстандық Smartestprep, Multicode және Ustem IT-жобаларымен танысып, олардың шешімдері мен стартаптарды дамыту тәжірибесін тыңдады.
Сапардың маңызды кезеңі ретінде Astana Hub пен Вьетнамның Ұлттық стартаптарды қолдау орталығы (National Startup Support Center, NSSC) арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Аталған құжат екі елдің стартаптарын қолдау, тәжірибе алмасу және бірлескен жобаларды дамытуға бағытталған.

Вьетнам делегациясының құрамында Ғылым және технологиялар министрлігінің, Ұлттық ғылым және технологияларды дамыту қорының, сондай-ақ венчурлық және стартап қауымдастығының өкілдері болды.
Astana Hub алдағы уақытта да халықаралық әріптестікті нығайтып, инновациялар мен технологиялар саласындағы жаһандық ынтымақтастықты дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашуды жалғастырады.