Астанада «QAZBOT ROBOTICS FORUM 2026» аясында Astana Hub халықаралық инновациялық кластері, қазақстандық QAZBOT Technologies компаниясы және халықаралық AgiBot робототехника компаниясы стратегиялық серіктестік туралы үшжақты меморандумға қол қойды.
Меморандум нарық қажеттіліктері мен робототехника және AI шешімдерін қолданудың перспективалы жолдарын бірлесіп зерттеуді, көрсетілімдер, сынақтар мен пилоттық жобаларды өткізуді, сондай-ақ өзара келісілген нарықтарда технологияларды одан әрі енгізу және ауқымын кеңейту бойынша ұсыныстар әзірлеуді көздейді.
Келісім аясында жаңа технологиялық шешімдерді өндіріс, логистика, қызмет көрсету, инфрақұрылым, медицина және білім беру процестеріне тікелей енгізуге басты назар аударылады.Сонымен қатар, университеттермен және ғылыми орталықтармен бірлескен ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік-конструкторлық бастамаларды дамыту, инженер кадрларын даярлау, сервистік инфрақұрылымды қалыптастыру және робототехника шешімдерін Қазақстанда жергіліктендіру мүмкіндіктерін қарастыру басым бағыттардың қатарына енеді.
Ынтымақтастықтың тағы бір бағыты — жасанды интеллект пен робототехника саласындағы бірлескен әзірлемелер мен бастамаларды «AI & Digital Bridge» халықаралық форумында таныстыру болмақ. Бұл форум — ИИ саласындағы халықаралық технологиялық диалогтың, тәжірибе алмасудың және байланысты дамытудың басты алаңдарының бірі.
«Робототехника мен Embodied AI — жасанды интеллектіні дамытудағы болашағы зор бағыттардың біріне айналып келеді. Мұндай технологиялар терең біліктілік, мықты таланттар мен индустриялық серіктестердің басы біріккен ортада әлдеқайда қарқынды дамиды. QAZBOT Technologies және AgiBot компанияларымен орнатылған бұл әріптестік инженерлік құзыреттер мен R&D бағытын дамытуға, сондай-ақ робототехника шешімдерін экономиканың нақты секторына енгізуге жаңа жол ашады», — деп атап өтті Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев.
«Қазақстандағы робототехниканың дамуы тек дайын шешімдерді сырттан әкелумен шектеліп қалмауы – біз үшін аса маңызды. QAZBOT осы ретте толық технологиялық циклді қалыптастырып жатыр: ол R&D, бағдарламалық жасақтама мен AI-модельдерден бастап, өндірісті жергіліктендіру, инженерлерді даярлау және роботтарды нақты процестерге енгізу сияқты кезеңдердің барлығын қамтиды. Біздің басты міндетіміз – Қазақстанда Robotics & AI саласының жеке индустриялық және инженерлік базасын құрып, халықаралық серіктестерімізбен бірге бұл технологияларды практикалық қолданыс деңгейіне шығару», — деп атап өтті QAZBOT Technologies CEO-сы Владислав Сафаров.
Меморандумға қол қою – «QAZBOT ROBOTICS FORUM 2026» шарасының ең басты оқиғаларының бірі болды.
Форум гуманоидты робототехника мен Embodied AI (физикалық пішінге енген жасанды интеллект) саласының дамуын талқылау үшін технологиялық компаниялар, бизнес, мемлекеттік құрылым өкілдері мен халықаралық сарапшылардың басын қосты. Ал бағдарламаның негізгі бөлігі – робототехниканы іс жүзінде қолдануға, жергілікті құзыреттерді дамытуға және жаңа саланың келешегіне арналған «AI & Robotics: болашақ экономикасын қалыптастыру» атты пленарлық сессия болды.
Форум аясында әлеуетті корпоративтік тапсырыс берушілермен B2B-кездесулер өтіп, нақты қолдану тәсілдерінің тұсаукесері мен робототехника шешімдерінің көрсетілімі ұйымдастырылды. Ал халықаралық озық тәжірибені жасанды интеллект пен робототехника тоғысында платформалар мен өнімдерді дамытып жатқан AgiBot компаниясы таныстырды.