Astana Hub тәжірибесін аймақтарға жеткізеді: Қазақстанның 13 өңірі инкубация бағдарламасынан өтті

Орталық Азиядағы ірі IT-стартаптар технопаркі Astana Hub Қазақстан өңірлеріндегі 6 аптаға созылған инкубация бағдарламасын қорытындылады.


Бағдарламаға барлығы 13 қала қатысты: Ақтау, Павлодар, Қызылорда, Қостанай, Атырау, Алматы, Шымкент, Талдықорған, Көкшетау, Өскемен, Түркістан, Тараз, Орал қалаларының стартап-жобалары. Әр өңірден технологиялық шешімі бар 15 стартап-жоба оқудан өтті. Инкубация барысында стартаптар 193 жұмыс орнын құрды.

"Біздің басты мақсатымыз — Қазақстан өңірлеріндегі қатып қалған стереотипті бұзып, стартап-қозғалысты жол ашу. Сол себепті біз өңірлердегі стартаптарға жұмыс істейтін модельді тауып, IT-стартаптардың түсініктемесі, негізгі ұғымдары және қолданылатын тәсілдерімен таныстырып, өңірлердегі стартап мәденитеінің негізін қалауға көмектесетін бағдарлама ұйымдастырдық. Бұл — Қазақстан өңірлерінде технологиялық кәсіпкерлікті дамытудағы біздің алғашқы қадамымыз. Бағдарлама сәтті өтті деп санаймыз: өңірлер өте жақсы жұмыс істеп, жауапкершілікпен қарады. Енді осы бағытты ұстанатын боламыз. Қазіргі кездегі Astana Hub-тың басым міндеттерінің бірі — бүкіл Қазақстан бойынша технологиялық кәсіпкерлердің сыни массасын құру және дамыту", — деп хабарлады Astana Hub бағдарламалар департаментінің директоры Жанибек Малика.

Astana Hub баспасөз қызметі хабарлағандай, апта сайын әрбір стартап үшін бизнес-трекерлермен кездесу өткізіліп, олар жобаға дұрыс бизнес-модель құруға, гипотезаларды сынауға, өзінің мақсатты аудиториясын табуға және актуалды маркетингтік жоспарды құруға көмектесті. Сонымен қатар, IT-стартаптардың жұмысымен, пайдаланатын метрикалары және тәсілдерімен таныстыратын воркшоптар мен консультациялар (әр өңірде 50 сағаттан) өткізілді.

Айта кетейік, Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің барлық қатысушылары салық жеңілдіктеріне ие болады. Преференциялар қатысушыларды КТС, ҚҚС, тауарлар импортына ҚҚС, роялти салығы, ЖТС және резидент еместер үшін әлеуметтік салық сияқты салықтарды төлеуден босатады. Мемлекеттік қолдаудың осындай шарасы IT-компанияларға үнемделген қаражатты өз жобаларын дамытуға қайта инвестициялауға мүмкіндік береді.

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін