Astana Hub қатысушысы мәртебесін алуға ниетті компаниялар үшін өтінімді 7 жұмыс күні ішінде жедел қарау мүмкіндігі енгізілді. Аталған қызмет өтінім берушілердің көптеген сұранысын ескере отырып іске қосылып отыр. Бұл ретте, құжаттарды стандартты мерзімде қарау тәртібі бұрынғыдай тегін негізде сақталады.
Осылайша, бүгінде құжат тапсырудың екі форматы қолжетімді:
-
Стандартты қарау — 25 жұмыс күніне дейін (тегін).
-
Жедел қарау — 7 жұмыс күніне дейін (ақылы негізде).
Ақылы қызметті пайдалану міндетті емес, ол тек үміткердің қалауы бойынша жүзеге асырылады. Алайда, жедел қарау форматы құжаттарды тексеру уақытын ғана қысқартатынын ескеру қажет. Яғни, бұл қызмет үміткерлерге қойылатын талаптарды жеңілдетпейді және технопарк қатысушысы ретінде тіркелуге толық кепілдік бермейді.
Өтінімдер Astana Hub ресми порталы арқылы қабылданады. Ал жедел қарау қызметін таңдау және оның төлемін жасау рәсімі — жеке кабинетте өтінімге қол қойылғаннан кейін бірден немесе өзіңізге ыңғайлы басқа уақытта орындалады.
Қызмет шарттары туралы толығырақ мәліметпен «Маңызды ақпарат» бөлімінде танысуға болады. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда alem.gpt AI-көмекшісіне жүгіне аласыз.