Astana Hub жасанды интеллект саласындағы дарынды жастарды қолдауға және AI мамандарының жаңа буынын даярлауға бағытталған Qazaq AI Research University (QAIRU) студенттеріне арналған жаңа Alem AI Talent Lab қолдау бағдарламасының іске қосылғанын жариялайды.
Бағдарламаның алғашқы легі бакалавриат және магистратурада білім алып жатқан 100 студентті қамтиды. Қатысушылар кәсіби дамуға, ғылыми-зерттеу және технологиялық жобаларды жүзеге асыруға, сондай-ақ өздерінің AI-стартаптарын іске қосуға қосымша мүмкіндіктер алады.
«Alem AI Talent Lab талантты жастарға идея мен ғылыми зерттеуден бастап, өз өнімін жасап, технологиялық бизнес құруға дейінгі жолды ұсынады. Біздің мақсатымыз — оларға Astana Hub экожүйесіне қолжетімділік беру. Мұнда олар сарапшыларды, серіктестерді және қолдау таба алады, ал перспективалы жобалар уақыт өте келе жаһандық компаниялар мен болашақ бірегей стартаптарға айналуы мүмкін», — деді Astana Hub бас директоры Мағжан Мадиев.
Alem AI Talent Lab Alem.ai экожүйесінің бір бөлігіне айналып, студенттерге практикалық дағдыларын дамытуға, индустрияның нақты міндеттерімен жұмыс істеуге, Astana Hub мүмкіндіктеріне қол жеткізуге және Қазақстанда жасанды интеллектті дамытуға бағытталған бастамаларға қатысуға мүмкіндік береді.
«Бүгінде университеттер тек маман даярлап қана қоймай, жаңа технологиялар, зерттеулер мен компаниялар пайда болатын ортаны қалыптастыруы тиіс. QAIRU дәл осындай AI-enabled университет моделін дамытып келеді. Astana Hub-пен жасалған меморандум студенттеріміз бен зерттеушілеріміздің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Олар технологиялық кәсіпкерлік экожүйесімен жұмыс істеп, өз жобаларын дамытуға қолдау алып, инновациялық шешімдерді нарыққа жылдамырақ шығара алады», — деді Qazaq AI Research University (QAIRU) ректоры Сапар Тоқсанов.
Бағдарлама заманауи AI технологияларын пайдаланумен қатар, өздерінің инновациялық шешімдерін әзірлей алатын, ғылыми зерттеулер жүргізетін және технологиялық өнімдерді халықаралық нарыққа шығара алатын мамандарды даярлауға бағытталған.
Бағдарламаға барлық қызығушылық танытқан студенттер қатыса алады. Ол үшін QAIRU ақпараттық жүйесі арқылы қатысуға келісімін растауы қажет. Қатысу тәртібі туралы толық ақпаратты университет ұсынады.