Astana Hub продуктологтар дайындау бағдарламасын іске қосады
Astana Hub халықаралық технопаркі продуктологтарға арналған серіктес модульдік оқыту курсына өтінім қабылдап жатыр. Оқу бағдарламасы қыркүйекте басталады.
Цифрлық өнімді басқарушы мен бизнес-менеджерлерді дайындау курсы жоба менеджерлеріне, корпоративтік қызметкерлерге, жас продуктологтар мен кәсіпкерлерге арналған.
«Цифрлық өнімді басқару» бағдарламасы заманауи нарықтың талаптарына сай әзірленген және теориялық дәрістер мен практикалық жағдайлардың жиынтығын қамтиды. Цифрлық өнімді басқару дағдыларынан басқа, қатысушылар өнімнің толық циклін - тұтынушылардың мотивациясын талдауды, нақты жұмыс тапсырмаларын тиімді шешу үшін өнім құнын құру стратегиясын және өнім көшбасшысы ретінде мансаптық өсуді меңгереді.
6 айлық оқу онлайн магистратура форматында өтеді. Ай сайынғы төлем мүмкіндігі қарастырылған бағдарлама бірнеше бағыттан тұрады:
- Клиентті зерттеу және өнім гипотезасымен жұмыс істеу;
- Өнімді басқару негіздері;
- Басқарудың икемді әдістемелері;
- Дамуды басқару;
- Терең талдау;
- Деректерді визуализациялау.
Бағдарлама оқытушылары — Ұлттық зерттеу университетіндегі Экономика жоғары мектебінің доценттері және ірі компаниялардың практиктері цифрлық өнімді басқару саласындағы білімі және тәжірибесімен бөліседі.
Бағдарламаға қатысу бойынша өтінімдер 31 тамызға дейін сілтеме бойынша қабылданады.
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін