Реалити-жоба стартаптың идея күйінен бастап толыққанды AI-өнімге дейінгі қалыптасу жолын көрсетеді. Көрермендер қатысушылардың іріктеуден өтіп, серіктес тауып, команда жасақтап, идеяларын сынақтан өткізіп, қысым мен белгісіздік жағдайында шешім қабылдаған сәттеріне куә болады.
Үш ай бойы қатысушылар қарқынды режимде жұмыс істеп, дедлайн қысымына тап болады, өз идеяларын қайта қарап, жобалардың тағдырына тікелей әсер ететін күрделі шешімдер қабылдайды. Командаларға әр кезеңде тәжірибелі трекерлер мен сарапшылар қолдау көрсетіп, қиын сәттерде алға жылжуына көмектеседі.
Сегіз эпизодтан тұратын реалити-жоба стартаптардың іс жүзінде қалай құрылатынын, мықты технологиялық командалардың қалай қалыптасатынын және нарық талаптары жағдайында фаундерлердің ойлау жүйесі қалай өзгеретінін тереңірек түсінгісі келетін көрермендерге арналған.
Реалити-жобаны Astana Hub YouTube арнасынан тамашалауға болады.