Бағдат Мусин Қазақстанның Орталық Азиядағы ең ірі IT-елге айналатынын айтты
Форумның бірінші күні «Қазақстан – IT-ел» тақырыбында панельдік сессия өтті, онда IT-шешімдерді азаматтардың күнделікті өміріне интеграциялауға және Қазақстан экономикасын цифрландыру контекстінде болашақ мамандықтарын талдауға ерекше назар аударылды. Панельдік сессияда сөз сөйлеген Бағдат Мусин Қазақстанның Орталық Азиядағы ең ірі IT-елге айналатыны туралы айтты.
Цифрландыру министрі Бағдат Мусин өз сөзінде бүгінде ел инфрақұрылымды, цифрлық үкіметті, инновацияларды дамытуға және кадрларды даярлауға баса назар аудара отырып, цифрландыру саласындағы айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп отырғанын атап өтті. Ол бұл күш-жігер Қазақстанды Орталық Азиядағы цифрлық даму саласында табысты елге айналдыра алатынын атап өтті.
«Форум шетелдік инвестициялар мен ірі халықаралық компанияларды тарта отырып, Қазақстанда IT-саланың дамуына белсенді ықпал етеді, бұл өз кезегінде елдің IT саласындағы экономикалық статистикасына оң әсер етеді», – деп атап өтті ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.
Сессияда сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Орталық Азия және Әзірбайжан елдеріндегі Visa вице-президенті және өңірлік менеджері Кристина Дорош, Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушы Михаил Ломтадзе, Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов сөз сөйледі. Сарапшылар мен сала көшбасшылары еліміздің IT-саласын дамытудың өзекті мәселелерін қозғап, инвестициялық ахуалды талқылады, стартаптарды дамытудың әлеуеті мен перспективаларын бағамдап, цифрлық технологиялар саласындағы мемлекеттік реттеу мәселелерін көтерді.
Digital Bridge 2023 өз алаңында 300-ден астам IT-компания, 100-ден аса инвестор, әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған 400 спикер мен бизнес-періштелерді, әлемнің 30 елінен 100-ден астам стартаптарды біріктірді. Жәрмеңкесінде ақпараттық технологиялар, data science, blockchain және т.б. салалардағы жергілікті және шетелдік IT-компаниялардан 500-ге жуық бос жұмыс орындары ұсынылды.
Еске салайық, 12-13 қазанда Қазақстанның астанасында Орталық Азиядағы ең ірі IT-форум - Digital Bridge 2023 өтті. Форумның басты тақырыбы - Artificial and Human Intelligence: The right balance.
Форум барысында Мемлекет басшысымен one-to-one кездесулері, халықаралық спикерлермен 30-дан астам панельдік сессиялар, келісімдерге қол қою, Google for Startups іс-шаралары сияқты ауқымды іс-шаралар өтті.
Digital Bridge ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және Astana Hub халықаралық технопаркі. Бас демеуші - Kaspi.kz. Демеушілер мен серіктестер - Freedom bank, Visa, Yandex, Citix, Ozon, ТТС, Halyk, Eurasian bank, BI Group, Allur, Bereke bank, Huawei, Mycar, Kazakhtelecom, Kcell, Tele2, Altel, Beeline, ҚазМұнайГаз, Qazaqgaz, Битрикс 24, QIC, KDSS, 7Generation, Binance.
Пікірлер 2
Кіру пікір қалдыру үшін
AlimkhanT · Қаз. 24, 2023 00:32
Надеюсь будет правдой
Kirill Grebennikov · Қаз. 15, 2023 09:58
Интересно, а можно ли посетить данное место ? 🤔