Оларды ортақ бір сұрақ біріктіреді: технологияның дамуы компаниялардың құрылуына, капиталдың шоғырлануына, білімнің таралуына және жаһандық ықпалдың жаңа орталықтарының қалыптасуына қалай әсер етеді.
2–3 қазанда Астанада кезекті AI & Digital Bridge 2026 халықаралық технологиялық форумы өтеді. Биылғы басты тақырып — Kazakhstan is the Eurasian AI Hub: Қазақстанның технологиялық нарықтарды, таланттарды, капиталды және жаңа AI-компанияларды тоғыстыратын орталық ретіндегі рөлі.
Форумның хедлайнерлері қатарында — кәсіпкер әрі инвестор Баладжи Шринивасан (Balaji Srinivasan), Higgsfield AI компаниясының тең негізін қалаушысы әрі техникалық директоры Ерзат Дулат (Yerzat Dulat), сондай-ақ Crimson Education негізін қалаушы Джейми Битон (Jamie Beaton) бар.
Бұл — Силикон алқабы мен венчурлық капиталдан бастап, генеративті AI мен жаһандық білім беруге дейінгі үш түрлі кәсіби жол. Дегенмен, олар технологиялық экономикалар бүгінде өзара бәсекеге түсіп жатқан үш негізгі ресурсты көрсетеді: идеялар, талант және жаһандық ауқымдағы компанияларды құру қабілеті.
Баладжи Шринивасан: Кремний алқабының әдеттегі географиясынан кейінгі кезең
Баладжи Шринивасан — АҚШ-тың технологиялық әрі венчурлық саласындағы ықпалды тұлғалардың бірі. Кәсіпкер, инвестор, Coinbase-тің бұрынғы техникалық директоры және Andreessen Horowitz (a16z) қорының бас серіктесі, ол қазіргі уақытта Network School жобасын ілгерілетіп, Network State концепциясын дамытуды жалғастыруда.
Бұл тұжырымдаманың негізінде технологиялар тек жекелеген салаларды ғана емес, қоғамдастықтарды қалыптастырудың негізгі қағидатын да өзгертеді деген идея жатыр. Ортақ құндылықтар мен экономикалық мүдделер біріктірген адамдар алдымен цифрлық қауымдастықтар құрып, кейіннен олардың инфрақұрылымын шынайы әлемге көшіре алады.
Шринивасан бұл модельді «The Network State» кітабында егжей-тегжейлі баяндаған. Алайда бүгінде ол үшін бұл тек теория емес: Network School кәсіпкерлер, инженерлер мен технологиялық компаниялардың негізін қалаушыларға арналған шынайы орта ретінде дамып келеді.
Қазақстан үшін бұл бағыт ерекше басымдыққа ие. 2026 жылы Network School-мен ынтымақтастық нақты іс жүзіне асты: мұнда Қазақстанды шетелдік инженерлер, стартап негізін қалаушылар мен инвесторлар ортасымен тоғыстыратын білім беру әрі кәсіпкерлік инфрақұрылымды дамыту жолдары қарастырылып жатыр.
Сонымен, AI & Digital Bridge алаңындағы Шринивасанмен болатын сұхбат жасанды интеллекттің даму үрдістерін сөз етуден әлдеқайда ауқымды. Ондағы негізгі сауал: Силикон алқабы сияқты дәстүрлі орталықтардан тыс аймақта әлемдік деңгейдегі келесі технологиялық экожүйені құру мүмкін бе және ол үшін не істелуі керек?
Ерзат Дулат: отандық маман негізін қалаған жаһандық AI-компания
Шринивасан жаңа технологиялық орталықтарды қалыптастыру туралы айтса, Ерзат Дулаттың оқиғасы әлемдік деңгейдегі компанияларды құру географиясының қалай өзгеріп жатқанын айқын көрсетеді.
Қазақстандық инженер Ерзат Дулат — бейне және кескін жасауға арналған генеративті жасанды интеллект платформасы Higgsfield AI компаниясының тең негізін қалаушысы әрі техникалық директоры.
Өткен жылы Higgsfield генеративті медиа саласында қарқынды дамуды көрсеткен ірі компаниялардың қатарынан көрінді. 2026 жылдың тамыз айында стартап өз құнын 5,4 млрд долларға бағалап, Series B раундында 400 млн доллар инвестиция тартты. Өз мәліметтеріне сүйенсек, сол кезеңде платформаның қолданушылар саны 30 миллионнан асып, Fortune 500 тізіміндегі жүздеген ірі корпорация оның клиентіне айналған.
Мұндай қомақты инвестициялар тегіннен-тегін емес. Генеративті AI жай ғана сынақ құралы болудан қалып, маркетинг, жарнама, кино, дизайн және медиа салаларының өндірістік инфрақұрылымына толықтай ене бастады.
Дәл осы тұста Дулаттың тарихы Қазақстан үшін ерекше мәнге ие болады.
Жуырда ғана өңірден шыққан дарынды инженердің әдеттегі мансап жолы шетелге қоныс аударып, дайын халықаралық технологиялық компанияға орналасумен шектелетін. Ал қазір мүлде өзге бағыт ашылды: қазақстандық маман жаһандық технологиялық нарықты өзі қалыптастыратын компанияның тең негізін қалаушысы атана алады.
Әзірлеушілер үшін бұл — кәсіби амбицияның ауқымы туралы оқиға. Кәсіпкерлер үшін — өнімді бірден халықаралық нарыққа арнап шығару туралы. Ал инвесторлар үшін — технологиялық компанияның қайдан шыққаны мен оның жаһандық әлеуеті географияға уақыт өте келе тәуелсіз болып келе жатқанының дәлелі.
Джейми Битон: адам капиталы технологиялық инфрақұрылым ретінде
Форумның үшінші спикері жаһандық бәсекелестіктің тағы бір бағыты — білім мен талант мәселесін сөз етеді.
Джейми Битон — студенттерге әлемнің жетекші университеттеріне түсуге көмектесетін және Crimson Global Academy онлайн-мектебін қоса алғанда, өзінің білім беру өнімдерін дамытатын Crimson Education халықаралық білім беру компаниясының тең негізін қалаушысы әрі бас атқарушы директоры (CEO).
Битон — кәсіпкер болумен қатар, ерекше білім беру жолының жарқын үлгісі. Ол Гарвард, Стэнфорд, Оксфорд, Йель, Принстон, Пенсильвания университеті, Цинхуа және басқа да жетекші оқу орындарында білім алған, сондай-ақ Оксфордта Родс стипендиаттарының бірі болған.
Бірақ AI & Digital Bridge үшін дипломның көптігі емес, білім берудегі жаһандық бәсеке төңірегінде құрылған бизнес маңыздырақ.
Crimson Education білім беру стартапынан бастау алып, ондаған елде студенттері, оқытушылары мен менторлары бар халықаралық компанияға айналды. Ал оның бөлек бір бағыты — бүкіл әлем оқушыларымен жұмыс істейтін аккредиттелген онлайн-мектеп Crimson Global Academy болды.
Жасанды интеллекттің қарқынды даму кезеңінде білім беру мәселесі бұрынғыдан да өзекті бола түсуде. Егер технологиялар интеллектуалдық тапсырмалардың барған сайын көп бөлігін автоматтандыруға қабілетті болса, онда адамға не үйрету керек деген түсініктің өзі өзгереді: қай дағдылар өз құндылығын сақтайды және әлі де болса өмірде жоқ мамандықтарға жаңа ұрпақты қалай дайындау қажет?
Қазақстан үшін бұл — өңірлік AI-хабқа айналу мақсатымен тікелей астарлас. Технологиялық экожүйені тек дата-орталықтармен, инвестициялармен немесе халықаралық компанияларды тартумен ғана қалыптастыру мүмкін емес. Оның басты шектеулі ресурсы — адам капиталы.
Үш бағыт — бір сұрақ: келесі технологилық экономика қайда қалыптасады?
Алғашқы қарағанда Шринивасан, Дулат және Битон мүлде әртүрлі салаларда еңбек етіп жатқандай көрінеді.
Шринивасан сандық технологиялардың қоғамды, кәсіпкерлікті және инновациялардың географиясын қалай өзгертіп жатқанын зерттейді.
Дулат жаһандық AI-бәйгенің бел ортасында жүріп, инженерлік команданың жасанды интеллекттің жаңа моделдерін ондаған миллион пайдаланушы мен әлемнің ірі компанияларына арналған дайын өнімге қалай айналдыратынын көрсетеді.
Битон болса, технологиялық серпіліс жасауға қажетті тағы бір түпкілікті ресурс — білім мен адам капиталымен жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда жаһандық экономиканың жаңа картасы дәл осы үш бағыттың — технология, кәсіпкерлік және таланттың тоғысқан жерінде айқындалады.
Қазақстан үшін бұл мәселе басқа елдерде жасалған технологияларды барынша жылдам енгізумен шектелмейді. Келесі кезең — жаһандық AI-өнімдер, технологиялық компаниялар, зерттеу топтары мен жаңа білім беру үлгілері дәл Қазақстаннан бастау алып, әлемдік деңгейде кеңейе алатындай жағдай жасау.
AI & Digital Bridge 2026
AI & Digital Bridge 2026 форумы 1–3 қазан аралығында Астанадағы «EXPO» халықаралық көрме орталығында өтеді және AI Month іс-шараларының басты халықаралық оқиғасына айналады.
1 қазанда мемлекет басшыларының, халықаралық делегациялардың және технология саласындағы көшбасшылардың қатысуымен жоғары деңгейдегі арнайы бағдарлама ұйымдастырылады. Бұл күнгі іс-шараларға қатысу тек арнайы шақыру арқылы жүзеге асырылады.
2 және 3 қазан күндері қатысушылар үшін AI & Digital Bridge 2026 форумының ашық бағдарламасы билет арқылы қолжетімді болады. Осы күндері бір алаңда жаһандық технологиялық компаниялардың өкілдері, халықаралық спикерлер, стартаптар мен инвесторлар бас қосады.
AI & Digital Bridge 2026 форумын ұйымдастыру серіктестер мен демеушілердің қолдауы арқасында мүмкін болды. Іс-шараны өткізуге кеткен барлық шығындар демеушілік қаражат есебінен атқарылады.
Алтын серіктестер — «Фридом Банк Қазақстан» АҚ, Kaspi.kz, «Самұрық-Қазына» АҚ және «Қазақтелеком» АҚ. Күміс серіктес — Halyk Bank. Бизнес-серіктес — Beeline Қазақстан. Қола серіктес — Yandex Qazaqstan. Official Airline Partner — Air Astana.
Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Astana Hub және Астана қаласының әкімдігі.