Astana Hub мүшелері Fabuza бұлтты платформасын тегін қолдана алады
Usabilitylab Kazakhstan заманауи кәсіби зертханасы бар компания «Фабрика Юзабилити»-мен бірлесіп, Astana Hub қатысушыларына Fabuza бұлттық платформасындағы есептік жазбаға 1 жыл бойы тегін кіру мүмкіндігін ұсынады.
Fabuza – пайдаланушы тәжірибесін, креативті және цифрлық өнімдерді зерттеуге мүмкіндік беретін UX-зерттеу, юзабилити-тест және сауалнама платформасы. Сондай-ақ платформаны пайдалана отырып, веб-сайттарды, мобильді және жұмыс десктоп қосымшаларын, макеттерді, Figma, Axure, InVision, Marvel және т.б. прототиптерді, сондай-ақ бәсекелестер өнімдерін сынақтан өткізуге болады.
Нәтижесінде платформа пайдаланушылары мынадай мүмкіндіктерге қол жеткізе алады:
- өнім сатылымын және қолданушы lifetime value (LTV) арттыру;
- пайдаланушылардың ықыласын арттыру ;
- өнімді әзірлеуге кеткен шығындарды азайту;
- конверсия мен орташа есепшотты 2-4 есе арттыру.
Платформаға мынадай критерийлерге сай стартаптар қол жеткізе алады:
- Команда мүшелерінің саны 8 адамға дейін;
- Нарықта екі жылға дейін;
- Айналымы айына 10 млн теңгеге дейін;
- Даму кезеңі - Discovery, MVP немесе масштабтау (Pre-seed, Seed, Proto/PoC, Alfa/Beta, First release).
Fabuza-ны пайдалану үшін Astana Hub платформасындағы Серіктестер ресурсы бөлімі арқылы өтініш жолдау қажет.
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін