BI Synergy Sprint: құрылыс саласындағы IT-стартаптарға арналған конкурс бастау алды

Astana Hub пен BI Group инновациялық құрылыс холдингі бірлесіп BI Synergy Sprint жобасын іске қосты.


 Өтінімдер 2024 жылдың 30 маусымына дейін қабылданады.

Бастама мақсаты – тұрғын үйде өмір сүру тәжірибесін жақсартатын, компанияның операциялық тиімділігін арттыратын және дамудың жаңа көкжиектерін ашатын инновациялық шешімдерді табу және енгізу.

Байқауға  мына санаттар бойынша өз идеялары мен шешімдерін ұсынуға дайын компаниялар мен стартаптар қатыса алады:

  • Жайлы өмір сүруге арналған Living қызметтері;
  • Құрылыс материалдары және жиһаз;
  • Үйді басқару қызметтері;
  • Сәулет және құрылыс;
  • Дизайн және жобалау;
  • Сатып алуларды басқару;
  • Сату және маркетинг;
  • Пәтерлерді таза әрлеу және жөндеу.

Байқау қазылар алқасы онлайн-презентациялармен танысып, қатысушылар арасында алдын ала іріктеу өткізеді. Содан кейін Demo Day ұйымдастырылып, мұнда әр санат бойынша жеңімпаздар анықталады.

Байқау аясында финалистерге серіктестіктің үш түрі ұсынылады: компания клиенттеріне өз қызметтерін ұсыну үшін BI экожүйесіне енгізу; жаңа бірлескен жобаны іске қосу; BI Group-тан инвестиция тарту.

Өтінім беру және жобаларды бағалау критерийлерімен танысу үшін мына сілтемеге өтіңіз.

Пікірлер 1

Кіру пікір қалдыру үшін

🔥🔥🔥

Жауап беру