Astana Hub халықаралық инновациялық кластері мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Астана қаласы бойынша өңірлік филиалы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Серіктестік кәсіпкерлікті дамытуға, стартаптар мен инновациялық және креативті жобаларды қолдауға, сондай-ақ бизнес иелеріне мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы құралдары туралы кеңінен ақпарат беруге бағытталған.
Құжатқа Astana Hub басқарушы директоры Таңат Өскембаев пен «Даму» қорының Астана қаласы бойынша өңірлік филиалының директоры Светлана Назарюк қол қойды.
Тараптар бірлескен білім беру бастамаларын дамытуға, инновацияларды енгізу және қаржы тарту бағытында тәжірибе алмасуға, сондай-ақ елорданың кәсіпкерлік экожүйесін нығайтуға атсалысуға ниетті.
«Сапалы өнім шығарып, мықты команда жинаумен іс бітпейді. Стартап әр кезеңде қандай қолдауға сүйене алатынын және өсіп-дамуы үшін ресурстарды қайдан табуға болатынын нақты түсінуі қажет. Бұл бағытта «Даму» қорының тәжірибесі өте бай. Біздің командалар осы мүмкіндікті толық пайдаланып, қажетті кеңес алғанын, оқудан өткенін және қолжетімді мемлекеттік қолдау шараларынан хабардар болғанын қалаймыз», – деп атап өтті Astana Hub басқарушы директоры Таңат Өскембаев.
Ынтымақтастықтың басты бағыттарының бірі – кәсіпкерлер мен Astana Hub бағдарламаларының қатысушыларын жеңілдетілген қаржыландыру, субсидиялау және кепілдік беру тетіктері туралы хабардар ету.
Бірлесіп өткізілетін консультациялар, семинарлар мен шеберлік сағаттары қатысушыларға қолданыстағы бағдарламалардың талаптарын жете түсініп, оларды өз жобаларында тиімді қолдану мүмкіндіктерін бағалауға жол ашады.
«Кәсіпкерлер үшін мемлекеттік қолдау шаралары мен оларды алу жолдары туралы нақты әрі уақтылы ақпарат алу өте маңызды. Astana Hub-пен серіктестік технологиялық командалармен тығыз байланыс орнатып, олардың сұраныстарын тереңірек түсінуге және қордың қазіргі құралдарымен таныстыруға мүмкіндік береді. Біз кеңес беру жұмыстарына және бизнес өкілдерінің кәсіпкерлік біліктілігін арттыруға ерекше назар аударуды көздеп отырмыз», – деп атап өтті «Даму» қорының Астана қаласы бойынша өңірлік филиалының директоры Светлана Назарюк.
Меморандум сондай-ақ конференциялар, форумдар, салалық семинарлар мен B2B-кездесулер аясында бірлесе әрекет етуді қарастырады.
Ортақ іс-шараларға қатысу кәсіпкерлер, стартаптар және бизнесті қолдау институттарының өкілдері арасында білім алмасуға әрі іскерлік байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.