Digital Bridge: Astana Hub IT-қауымдастықты саланың өзекті мәселелерін жолдауға шақырады
Осы жылы күзде Digital Bridge цифрландыру бойынша жыл сайынғы халықаралық форум өтеді. Форум аясында Мемлекет басшысы мен халықаралық сарапшылардың қатысуымен елімізде цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі ҚР Президенті жанындағы комиссияның ашық отырысы өтеді. IT-қауымдастық комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастыруға қатыса алады.
IT-қауымдастықтан жолданған барлық мәселелер мен ұсыныстар қаралып, ашық отырыс сарапшыларының талқылауына енгізілетін болады. Осылайша, сала қатысушылары цифрлық технологиялар мен инновациялар саласындағы өзекті мәселелерді шешуге өз үлестерін қоса алады.
Айта кетейік, Digital Bridge - Қазақстандағы IT саласындағы ең ірі іс-шаралардың бірі. Форум алаңында еліміздің цифрлық экожүйесінің қатысушылары мен шетелдік сарапшылар цифрландыру нәтижелерін талқылап, жаңа идеялар мен бастамаларды іске асырады. Форум 2018 жылдан бері өткізіліп келеді және осы уақыт ішінде оған әлемнің 30 елінен 380 IT-компания, 253 спикер, 50 венчурлық инвестор қатысты. Нәтижесінже IT-стартаптармен 1,4 млрд теңге сомасында инвестиция тартылды.
Комиссияның күн тәртібіне ұсыныстар мен өзекті мәселелерді келесі сілтеме бойынша осы жылғы 15 шілдеге дейін жолдауға болады https://astanahub.com/initiatives/.
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін