AGI Lab негізін қалаушы Жомарт Садыковтың айтуынша, кең тараған пікірге қарамастан, жасанды интеллект мамандарды алмастырмайды, керісінше олардың мүмкіндігін арттыратын құрал болып табылады. Оның сөзінше, қазіргі технологиялар ең алдымен жұмысты жылдамдатуға көмектеседі: «Жасанды интеллект – мамандарды алмастыратын емес, олардың әлеуетін күшейтетін құрал. Қазақстан үшін басты артықшылық – таланттар. Біз ірі елдермен инфрақұрылым бойынша емес, жаңа идеялар мен инновациялық бағыттар арқылы бәсекеге түсе аламыз».
Meta әзірлеушісі Бахытжан Байжикенов қазақстандық мамандардың бәсекелік артықшылықтары туралы айта келе, ішкі түйсікке сүйене отырып шешім қабылдай білу маңызды екенін атап өтті. Оның пікірінше, еркін ойлау, өз көзқарасын қорғай білу және жаңашылдықтан қорықпау – қарқынды өзгеріп жатқан технологиялық ортада үлкен артықшылық береді.
Google компаниясының senior-әзірлеушісі Аман Өтемуратов жасанды интеллектінің ірі технологиялық компаниялардағы жұмыс үдерістерін айтарлықтай өзгерткенін айтты. Бүгінде мамандарға қойылатын талаптар күшейіп, әзірлеу үдерістері жылдамдаған. Сонымен қатар кейбір компанияларда кадр іріктеу тәсілдері өзгеріп, тәжірибелі инженерлерге басымдық берілуде, ал командалар ішінде қызметкерлердің кәсіби өсуі мен көшбасшылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасалып жатыр.
Booking әзірлеушісі Нарикби Максут автоматтандыруға қатысты алаңдаушылықтарға қарамастан, саладағы мамандар саны азаймай отырғанын жеткізді. Керісінше, технологиялардың дамуына байланысты жаңа қызметтер мен бағыттар пайда болуда. Оның айтуынша, код көлемінің артуы және ЖИ қолдану тестілеу мен сапаны бақылау үдерістеріне түсетін жүктемені көбейтеді, тиісінше бұл бағыттағы мамандарға сұраныс артады.
Пікірталас қорытындысында спикерлер жасанды интеллектінің қарқынды дамуы IT саласындағы дәстүрлі мансап жолдарын өзгертіп жатқанын атап өтті: мамандардың кәсіби өсуі жеделдеп, дағдыларға қойылатын талаптар жаңарып, жаңа мамандықтар пайда болуда. Осындай жағдайда Орталық Азия мамандары үшін жаһандық нарыққа шығу және халықаралық командаларда жұмыс істеу мүмкіндігі кеңейіп отыр. Сессия модераторы – Higgsfield AI компаниясының Talent жөніндегі вице-президенті Далида Еркулиева.
Еске сала кетсек, 27 наурызда Шымкент қаласында Digital Qazaqstan 2026 форумы өтті. Биылғы тақырып – «Industry 5.0: Ынтымақтастық қуаты». Форумды Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Шымкент қаласының әкімдігі және Astana Hub халықаралық инновациялық кластері ұйымдастырды.
Биыл форумды ұйымдастыру серіктестер мен демеушілердің қолдауының нәтижесінде мүмкін болды. Барлық шығын демеушілік қаражат есебінен жабылды.
Форумның бас серіктесі Freedom Bank – жеке және корпоративтік клиенттерге қызмет көрсететін қазақстандық цифрлық банк, Freedom Holding Corp. құрамына кіреді. Банк Қазақстанда алғаш болып ипотека, автонесие және бизнес несиелерін толық цифрландырды, сондай-ақ елдегі алғашқы INVEST CARD инвестор картасын ұсынды.
Платиналық серіктес Alageum Electric – электр энергетикасы, машина жасау және инфрақұрылымдық құрылыс салаларында жұмыс істейтін, 30-дан астам кәсіпорынды біріктіретін ірі электротехникалық компаниялар тобы.
Алтын серіктес – Қазақтелеком.
Инновациялық серіктестер – WSE, Damumed.
Серіктес – Visa.