Бұл келісімдер мемлекеттік мекемелерді, инвестициялық қорларды және инновациялық компанияларды біріктіріп, мамандар даярлауға, жаңа технологияларды енгізуге және стартап экожүйесін дамытуға мүмкіндік береді.
Маңызды келісімдердің бірі – ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Alageum Electric компаниясы және Ғылым мен білім беру эндаумент-қоры арасындағы үшжақты әріптестік. Бұл келісім AI-Sana бағдарламасын іске асыруға бағытталған. Бағдарлама студенттер, магистранттар мен докторанттардың жасанды интеллектіні тәжірибе жүзінде қолдану арқылы біліктілігін арттыруға жол ашады. Осылайша, цифрлық нарыққа қажетті мамандарды даярлауға мүмкіндік туады.
Білім беру бағыты бойынша «Астана Innovations» АҚ екі меморандумға қол қойды. Біріншісі – MOST Ventures Fund II қорымен жасалып, жаңа технологиялар мен ғылыми жобаларды, соның ішінде жасанды интеллект саласын дамытуға бағытталған. Екіншісі – «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-мен әріптестік орнатып, AI және цифрландыру саласындағы мамандарды даярлауды күшейтуді көздейді.
Форумның технологиялық бағыты «Астана Innovations» АҚ мен «NCSPEECH» ЖШС арасындағы ынтымақтастық арқылы күшейе түсті. Бұл келісім жасанды интеллект жобаларына қажетті деректер қорын (датасеттерді) бірлесіп әзірлеуге және қолдануға мүмкіндік береді. Нәтижесінде интеллектуалды сервистерді енгізу үдерісі жеделдейді.
Технологиялық кәсіпкерлік пен венчурлік қаржыландыруға да ерекше назар аударылды. “Байтерек” ұлттық инвестициялық холдингі” АҚ мен Astana Hub арасында ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Бұл серіктестік стартаптарды қолдауға, инвестицияға қолжетімділікті арттыруға және қазақстандық IT-компаниялардың экспорттық әлеуетін күшейтуге бағытталған.
Сондай-ақ Astana Hub пен «EmAI» ЖШС арасында Health Tech Lab HAQ жобасын іске қосу жөнінде келісімге қол қойылды. Жоба цифрлық денсаулық сақтау, телемедицина және жасанды интеллект технологияларын дамытуға бағытталған. Бұл бастама елімізде заманауи медициналық цифрлық экожүйе қалыптастыруға ықпал етеді.
Қалған меморандумдар да маңызды бағыттарды қамтиды: өндірісте жасанды интеллектіні енгізу, білім беру бастамаларын дамыту және жалпы цифрлық экономиканы ілгерілету.
Айта кетерлігі, Digital Qazaqstan 2026 форумы серіктестер мен демеушілердің қолдауының нәтижесінде ұйымдастырылды. Барлық шығын демеушілер есебінен жабылды.
Форумның бас серіктесі Freedom Bank – жеке және корпоративтік клиенттерге қызмет көрсететін қазақстандық цифрлық банк, Freedom Holding Corp. құрамына кіреді. Банк Қазақстанда алғаш болып ипотека, автонесие және бизнес несиелерін толық цифрландырды, сондай-ақ елдегі алғашқы INVEST CARD инвестор картасын ұсынды.
Платиналық серіктес Alageum Electric – электр энергетикасы, машина жасау және инфрақұрылымдық құрылыс салаларында жұмыс істейтін, 30-дан астам кәсіпорынды біріктіретін ірі электротехникалық компаниялар тобы.
Алтын серіктес – Қазақтелеком.
Инновациялық серіктестер – WSE, Damumed.
Серіктес – Visa.
Форумды Қазақстан Республикасының Цифрлық даму және жасанды интеллект министрлігі, Шымкент қаласының әкімдігі және Astana Hub халықаралық инновациялық кластері ұйымдастырды.