Он екі қазақстандық стартап Кремний алқабындағы акселерацияны бастады

Astana Hub және Draper University ЦДИАӨМ және Дүниежүзілік банкпен бірге «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру шеңберінде халықаралық нарықта бизнесін кеңейтуге ұмтылатын кәсіпкерлер мен стартаптарға арналған Hero Training акселерация бағдарламасының екінші лек оқуы басталды.


Hero Training бағдарламасының екінші легі кәсіпкерлердің қызығушылығын тудырды. Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Моңғолия, Әзірбайжан және Түркия елдері стартаптарынан барлығы 129 өтінім түскен. Барлық стартап скрининг және диагностика кезеңдерін қоса алғанда, қатаң іріктеуден өтті.

Жобалар диагностикасының нәтижесі бойынша екі аптаға созылған Fundamentals of Entrepreneurship пре-акселерациясына қатысу үшін 80 стартап іріктелді. Содан кейін Кремний алқабында орналасқан Draper University-де өтетін Hero Training офлайн акселерациясына қатысу үшін 12 жоба таңдалды, олар: AlgoFarm, Prosper Pay, Loca, Pipedata AI, EZ FACTOR, Hired Valley, TrustMe, myMind, Oku Toku, WhoockAI, Oraclus, CheckAuto.

«Hero Training қатысушылары алты айға дейін Draper University кампусында болады, олар баспанамен және жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі. Бұл уақыт тәжірибелі технологиялық кәсіпкерлер мен Draper University экожүйесі сарапшыларының жетекшілігімен жұмыс істейтін стартаптарға инвестиция тартуға және америкалық нарыққа шығуға бірегей мүмкіндік береді. Бірінші лек түлектері – биыл мамыр айында Калифорнияға барған 15 стартап оқуын табысты аяқтады және қазір өнімді дамыту, инвестиция тарту және жобаларын жаһандық деңгейде кеңейту бойынша белсенді жұмыс істеп жатыр», - деп атап өтті Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев.

 Draper University Кремний алқабындағы беделді және бұрыннан қалыптасқан экожүйе және Astana Hub онымен серіктестік бағдарламасын іске қосқан Орталық Азиядағы алғашқы технопарк. Draper University  негізін қалаушы – Тим Дрейпер, ол -  венчурлық бизнесте 38 жылдық тәжірибесі бар, 11 қорды басқаратын, $7 млрд қаржы инвестициялаған және 34 unicorn компанияcы бар венчурлық капитал пионері. Жақында Тим Дрейпер елімізге келіп, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті, Орталық Азиядағы ең ірі Digital Bridge 2023 IT форумына қатысты және стартаптар туралы Meet the Drapers реалити-шоуы эпизодтарының бірін түсірді.  Бағдарлама аясында қазақстандық стартап таңдап алды, ол қазір шоудың финалына – 1 миллион доллар көлеміндегі инвестиция үшін бағын сынауға дайындалып жатыр.

 «Astana Hub-та мен энергиясымен қуаттаған адамдарды кездестірдім. Мен үшін бұл сапар Қазақстанға, әлеуеті зор елге көзімді ашқан қызық тәжірибе болды. Мұндағы адамдар білімді және өте ынталы. Расында да, Қазақстан Орталық Азиядағы IT-хабқа айнала алады», - деп атап өтті Тим Дрейпер Digital Bridge 2023 форумында сөйлеген сөзінде.

 Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Жолдауында Қазақстанды IT-елге айналдыру міндетінің стратегиялық маңыздылығын атап өткен болатын. Ол сондай-ақ 2026 жылға қарай IT қызметтерінің экспортын 1 миллиард долларға жеткізуді мақсат етіп қойды, ал Scalerator, Silkway Accelerator және Hero Training бағдарламалары осы мақсатқа жету құралдарының бірі саналады. Draper University-мен   ынтымақтастық туралы келісімге ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің АҚШ-қа ресми сапары барысында қол қойылды.

Hero Training эксклюзивті акселерация бағдарламасы және бірінші лек қатысушылары туралы толығырақ ақпаратты Astana Hub платформасынан табуға болады.

 

Пікірлер 8

Кіру пікір қалдыру үшін

Молодцы! Отличная возможность для стартапов и бизнеса

Жауап беру

Молодцы! Было бы здорово услышать их на подкасте!

Жауап беру

круто, желаю удачи!

Жауап беру

Лиж бы погулять и покайфовать...

Жауап беру

Наши красавцы. Удачи всем участникам.

Жауап беру

Hooray!!!

Жауап беру

Очень хорошая возможность для начинающих бизнесменов в IT!

Жауап беру

Круто!

Жауап беру