Жасанды интеллект саласындағы сарапшы Ли Кай-Фу Astana Hub экожүйесімен танысты
11 қаңтарда Astana Hub-қа ғалым әрі кәсіпкер, жасанды интеллект саласындағы жетекші әлемдік сарапшы Ли Кай-Фу келді.
Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев меймандарға технопарктің негізгі қызметін, Қазақстан IT-экожүйесіндегі жетістіктер мен стартаптардың табысты жобаларын таныстырды. Сонымен қатар, еліміздің инновациялық стартаптарды қолдауға, технологиялық инфрақұрылымды дамытуға, жасанды интеллектіні әртүрлі экономика салаларында тиімді қолдануға бағытталған бастамаларына тоқталды.
Сапар барысында делегация жасанды интеллект мамандарын даярлауға бағытталған Қазақстандағы алғашқы мектеп — Tomorrow School жұмысымен танысты.
Бұдан бөлек бірқатар стартаптар Ли Кай-Фуға өз жұмыстарын ұсынды. Атап айтқанда:
— Arlan Biotech — наноденелерді генерациялау мен өндіру бойынша ЖИ негізіндегі жаңашыл жоба;
— CerebraAI — инсультті диагностикалау үшін жасанды интеллект пен нейрорадиология саласында маманданған жоба;
— Alaqan — биометрия технологиясын қолдана отырып, алақан тамырларын тану арқылы контактісіз төлем жүйесі;
— Higgsfield AI — бейнелерді әзірлеуге және өңдеуге арналған жасанды интеллект негізіндегі платформа;
— Blockchain & AI — блокчейн мен жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін біріктіретін жобалар болды.
Сонымен қатар, делегацияға inDrive компаниясының жетістіктері мен даму жоспарлары таныстырылды.
Ли Кай-Фу сапары Astana Hub үшін маңызды оқиға болып, технопарктің аймақтағы инновациялар орталығы ретіндегі мәртебесін тағы бір мәрте айшықтады.
Пікірлер 3
Кіру пікір қалдыру үшін
Balzhan I · Қаң. 14, 2025 16:06
cerabra!!
Balzhan I · Қаң. 14, 2025 16:06
interesting!!!
Айша Серикбаева · Қаң. 14, 2025 00:11
круто!!!