Бұл жазба автоматты түрде аударылған. Бастапқы тіл: Қазақ
Фаундерлер кәсіби кері байланыс алып, нарықтағы позицияларын нығайтуға және технологиялық саладағы әйел кәсіпкерлігінің танымалдылығын арттыруға мүмкіндік алды.
Іс-шараға 45 өтінім түсіп, олардың ішінен 12 стартап финалдық питчингке іріктеліп, Орталық Азия, Еуропа және Сауд Арабиясындағы венчурлік қорлар, акселераторлар мен инновациялық хабтардың өкілдерінен құралған қазылар алқасының алдында өз жобаларын таныстырды. Сарапшылар қатарында Болат Башеев (Axiom, Қазақстан), Нұрдәулет Базылбеков (Eurasian Hub, Ұлыбритания), Назерке Қалидолда (Sturgeon Capital) және басқа да мамандар болды.
Стартаптар келесі бағыттарды қамтыды: HealthTech (Fabstory, EZSpeech, Spara), EdTech (Smartestprep, epsilon.ai), HRTech (Qural.ai), SaaS (Flowsell, Pwron.ai), Security (Aman Online App), Eco (Green Basket) және FinTech (ProFinex, relai.kz). Бұл тақырыптық әртүрлілік қазақстандық әйел кәсіпкерлердің денсаулық сақтау, білім беру және өмір сапасын арттыру сынды әлеуметтік маңызды салаларда технологиялық шешімдер жасауға белсенді түрде атсалысып жатқанын көрсетеді.