Shoqan фильмі беделді LA Shorts кинофестивалінің номинанты атанды

Қуаныш Бейсеков Shoqan қысқаметражды фильмінің халықаралық "LA Shorts" фестиваліне қатысатынын ресми түрде жариялады.


18 маусым күні "LA Shorts" фестивалінің ресми сайтында 2021 жылғы қатысушылардың тізімі жарияланды. Тізімге Қуаныш Бейсековтің Astana Hub технопаркімен бірігіп түсірген "Shoqan" атты дебюттік қысқаметражды фильмі де енді.

LA Shorts — "Оскар" сыйлығымен танылған 7 номинацияға ие жалғыз кинофестиваль және әлемдегі ең беделді әрі ірі [алықаралық қысқаметражды фильмдер фестивальдерінің қатарына кіреді.

Сонымен қатар, LA Shorts халықаралық кинофестивальдердің шарттарына сәйкес келетін Британдық кино және теледидар академиясының (BAFTA) қысқа метражды фильмдері үшін және канадалық кино және теледидар академиясының (ACCT) марапатын алуға арналған ресми іріктеу шарасы болып табылады.

Shoqan "Үздік Sci-fi фильм" категориясы бойынша номинант атанып, фестивальдің таңдалған платформасында 8 шілде күні көрсетілетін болады.

Кинофестиваль Лос-Анджелес қаласында 2021 жылдың 1 және 31 шілдесі аралығында өтеді.

Айта кетейік, Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің барлық қатысушылары салық жеңілдіктеріне ие болады. Преференциялар қатысушыларды КТС, ҚҚС, тауарлар импортына ҚҚС, роялти салығы, ЖТС және резидент еместер үшін әлеуметтік салық сияқты салықтарды төлеуден босатады. Мемлекеттік қолдаудың осындай шарасы IT-компанияларға үнемделген қаражатты өз жобаларын дамытуға қайта инвестициялауға мүмкіндік береді.

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін