Freedom Bank үшін форумға қатысу – цифрлық қаржы сервистерін дамыту және елдегі технологиялық бастамаларды қолдау стратегиясының жалғасы. Банк қазірдің өзінде цифрлық банкинг саласында жаңа стандарттар қалыптастырып келеді. Сондай-ақ, Қазақстанда алғаш болып ипотеканы, автонесиені және бизнеске арналған несиелерді цифрлық форматта рәсімдеуді енгізді. Сонымен қатар елдегі алғашқы инвестор картасы INVEST CARD пен жеке және корпоративтік клиенттерге арналған цифрлық карталар желісін іске қосты.
Freedom Bank ұйымының Қазақстанның ірі қалаларында 17 филиалы бар және халықаралық Freedom Holding Corp. қаржы тобының құрамына кіреді. Холдинг брокерлік, инвестициялық банкинг және андеррайтинг бойынша қызмет көрсетеді. Компания акциялары Nasdaq Capital Market және Қазақстан қор биржасында саудаланады.
Биыл Digital Qazaqstan 2026 форумы алғаш рет еліміздегі ең қарқынды дамып келе жатқан өңірлік орталықтардың бірі Шымкент қаласында Industry 5.0 тақырыбы шеңберінде өтеді. Ол экономиканың адами капиталға бағытталған әрі өзара ықпалдастыққа негізделген жаңа индустриялық кезеңге өтуін білдіреді.
Форумды Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Шымкент қаласының әкімдігі және Astana Hub бірлесіп ұйымдастырады.