Glovo Startup Competition: қазақстандық стартаптар 35 мың еуро мен Барселонада 2 апталық тағылымдамадан өту үшін бақ сынайды

Astana Hub Glovo компаниясымен бірлесіп, стартаптарға арналған Glovo Startup Competition конкурсын іске қосты. Бағдарлама Қазақстанда жұмыс істеп тұрған IT-стартаптар мен технологиялық компаниялар үшін 35 мың еуро көлеміндегі жүлде қорын ұсынып, Glovo-ның Барселонадағы бас кеңсесінде 2 апталық тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді.


Қатысуға өтінімдер мына сілтеме арқылы 7 шілдеге дейін қабылданады.

Glovo Startup Competition-ға MVP, PMF немесе Scale сатысындағы технологиялық компаниялар мен стартаптар қатыса алады. Hardware стартаптар үшін дайын жұмыс прототипі болуы керек. Сондай-ақ қатысуға ниетті жобалар өз қызметін Қазақстанда жүзеге асырып, өздерін қазақ стартаптары ретінде көрсетуі тиіс. Сонымен қатар тұрақты клиенттер, сатылымдар мен тартылған инвестициялардың болуы құпталады.

Іріктеуден өткен үздік 12 команда стартаптарын таныстырып, ақшалай сыйлық алу үшін бақ сынайды. Атап айтқанда: 1-орын: €20 000 + Барселонадағы тағылымдама; 2-орын: €10 000 + Барселонадағы тағылымдама; 3-орын: €5 000.

Жоба аясында қатысушылар технология мен кәсіпкерлік саласындағы жетекші сарапшылармен пікір алмасып, Glovo-ның негізін қалаған Саша Мишодан жеке кеңестер алады.

Astana Hub туралы

Astana Hub –  Орталық Азиядағы ең ірі технопарк, оның қызметі ІТ-бизнес үшін экожүйені құруға және дамытуға, ІТ мамандарын дайындап, стартап жобаларды қолдауға бағытталған. Бүгінгі таңда технопаркте 1500 IT-компания тіркелген, оның ішінде 400-ден астамы шетелдіктердің қатысуымен. Оларға бизнесті дамыту және масштабтау бағдарламалары, арнайы салықтық және визалық шарттар, ақпараттық-білім беру, материалдық инфрақұрылым және тағы басқа қолдау көрсетіледі.

Glovo туралы

Glovo - испандық технологиялық компания. Ол Еуропа, Батыс Азия және Африкадағы ең жылдам дамып келе жатқан көп санатты ойыншы. Компания өз қауымдастықтары мен экожүйелеріне тұрақты әсер етіп, тұтынушыларды, кәсіпорындарды және курьерлерді біріктіру арқылы инновациялық шешімдер жасайды.

Пікірлер 1

Кіру пікір қалдыру үшін

🔥🔥🔥

Жауап беру