Қазақстанның ойын индустриясының даму әлеуеті зор – сарапшылар пікірі

Ойын индустриясының Қазақстан экономикасын дамытудағы рөлі GameDev Center Demo Day шеңберінде өткен дөңгелек үстелде талқыланды. Шараға Қазақстан мен әлемнің ойын индустриясының ірі өкілдері, сарапшылар, сондай-ақ GameDev Center-де ойындар әзірлеу бойынша инкубациялық бағдарламадан өткен стартаптар қатысты.


Индустрия сарапшылары: CEO Astana Hub Мағжан Мәдиев, General Manager Playrix Антон Андрейченко, Community & Project Manager OGames Манас Жалғаспаев, CEO IDos Games Алексей Шегай, Animo және Оmnium цифрлық өнер мектептерінің негізін қалаушысы және CEO Лев Тарасов, сондай-ақ CEO Take Top Entertainment Илья Корчагин Қазақстандағы геймдевтің дамуы туралы пікірлерін бөлісті. Sergek Development өнімді басқару бөлімінің басшысы Болат Тәңірберген модератор болды.

Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев GameDev Center Astana Hub-тың технологиялық орталықтарының бірі болып табылатынын және оның мақсаты - индустрияның ірі ойыншыларымен бірлесіп Қазақстанда ойын экожүйесін дамыту екенін атап өтті.

"Біз ойын индустриясының әлеуеті зор екенін көріп отырмыз және оның дамуына ресурстар салуды жалғастырамыз. Astana Hub алаңындағы GameDev Center  қарқын ала бастады және қазірдің өзінде айтарлықтай алға жылжу байқалады", - деді Мағжан Мәдиев.

Playrix Kazakhstan бас менеджері Антон Андрейченконың айтуынша, соңғы үш жылда әлемде ойын индустриясы айтарлықтай өсті және 2021 жылғы жалпы табысы шамамен 200 миллиард долларды құрады, ал 2022 жылы көрсеткіштер сол деңгейде болды.

"Барлық болжамдар бойынша қаржы талдаушылары ойын индустриясы нарығы тұрақты және елеулі өсе беретін айтады. Көпшілігі нарық 2027 жылы 300-ден 330 миллиард долларға дейін болады деген пікірде. 2023 жылы әлемдік жағдайға қарамастан, бізде нарық тұрақтанды. Мысалы, қазір біздің өнімдер рекордтық мөлшерде сатылып жатыр. Яғни, бізге бұрын - соңды болмаған аудитория келуде", - дейді индустрияның ірі ойыншысының өкілі Антон Андрейченко. Сарапшы Қазақстанда ойын индустриясының даму әлеуеті өте зор екенін атап өтті.

 Пікірталастан кейін 7 команда өздері жасап шығарған ойындарын таныстырды:

  1. Borsyq Games - параллель ғаламдағы фантастикалық орманда болған Tale of the Forest Guardian үш өлшемді платформасы;
  2. Team Luminance - Time-Bounded ойыны, изометриялық әлемімен уақыт цикліне енген 16 жастағы Мэттью туралы оқиға;
  3. Vanguard  - түркі мифологиясынан шабыт алған Last Nomad ойыны;
  4. ICE EYE  - Come Undone тірі қалу элементтері мен басқатырғыштары бар психологиялық қорқынышты шытырман оқиғалы ойын;
  5. Wind City Games - LabMadness ойыны;
  6. CorgiBites - "Project Red" 1970-ші жылдардағы қазақстандық детектив ойын;
  7. Stardust Crusaders -  «Dust of Past»  - ойыншыларды 12 ғасырдың басындағы Жапонияға алып кететін rhythm hybrid ойыны.

Командалар Tech Orda бағдарламасының мүшелері және Omnium орталығының студенттері. Олар бұрын ойын индустриясында жұмыс істемеген, бірақ нөлден бастап 5 айда ойындар әзірлеген.

928A2823.jpg

 "Eden: The Tale Of The Forest Guardian – бұл тірі мен жасандының қарсыласу ойыны. Цифрлық дәуірде табиғатты ұмытпау маңызды. Технологиялық әлеует шексіз болуы мүмкін, бірақ табиғи ресурстар, өкінішке орай, шектеулі. Біздің ойын осыны еске салады", - деді Borsyq Games командасының дизайнері Олжас Аманжол.

 Стартаптардың жобасына ойын индустриясы саласындағы танымал сарапшылар:    Антон Андрейченко - General Manager, Playrix; Григорий Иванов - Project Manager Outfire, Mytona; Алена Завидеева -  Lead Game Creative Designer, G5 Games; Дениз Байкал - CEO, Baykal Arts және Глеб Никифоров - Art Director, Uniday Games баға берді.

Питчинг нәтижесінде Vanguard командасының ойыны үш номинация бойынша жеңімпаз атанды: "Best Game - Үздік ойын", " Best Debug - Жұмыс істейтін механика" және "Most Wanted – Көп күтілген ойын".

 "Lost Nomad - RPG жанрындағы түркі мифологиясына негізделген ойын. Ол  викингтер, қарақшылар және басқа ойындардан шаршаған аудиторияға қызық болады. Біріншіден, индустрия түркі мифологиясы туралы жаңа ойынмен толығады, екіншіден, ойында тарихи оқиғаларға сілтемелер көп, ол адамдарға түркі мифологиясы мен мәдениеті туралы көбірек білуге көмектеседі",-деді Game Designer Team Lead Абылайхан Әбілмажинов.

928A2916.jpg

 "Best Storytelling - Үздік сюжет" номинациясында CorgiBites командасының ойыны үздік деп танылды. "Best Audio - Үздік дыбыс" номинациясы Stardust Crusaders командасына берілді. Ал "Best Visual - Үздік визуал" номинациясында CorgiBite командасының ойыны үздік атанды. "Critics' Choice - Сыншылардың таңдауы" номинациясы WindCity Games командасына бұйырды. "Best performance - Үздік таныстырылым" номинациясында Team Luminance командасы жеңіске жетті.

Айта кету керек, бұл ойындар Play Market-те қол жетімді және жақын арада AppStore-да пайда болады.

928A3071.jpg

GameDev орталығы өткен жылдың күзінде Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен Astana Hub-та ойын IT-стартаптарын дамыту және жаңадан бастаған мамандарды оқыту үшін құрылды. Мұнда 3D-модельдеу, анимация негіздері, gamedev-стартаптарды қалай дамыту керектігі тегін үйретіледі, ал қазақстандық gamedev қоғамдастығы білікті кадрлардың жетіспеушілігі мәселесін  шеше алады.

Орталық туралы толығырақ  - https://astanahub.com/ru/l/gamedev 

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін