inDrive өңірлік IT-хабтардың қолдауымен Қазақстанда тегін әлеуметтік көшбасшылық бағдарламасын іске қосты
Beginit by inDrive халықаралық әлеуметтік көшбасшылық бағдарламасының бірінші кезеңі басталды. Қазақстанның алты облысында 10-сынып оқушылары іріктелді, олар идеядан бастап іске асқанға дейін әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру жолдарын үйренеді. Өңірлік IT-хабтар мен облыс әкімдіктерінің қолдауымен балалардан мыңға жуық өтінім жиналды. Қарағанды және Қостанай облыстарының жасөспірімдері белсенділер қатарында.
Тегін білім беру аясында студенттер көшбасшылық және жобалық жұмыс бойынша курстан өтеді, ғылыми-зерттеу және әлеуметтік жобаларды жасауды үйренеді, еліміздің әр түкпірінен келген құрдастарымен танысады және Алматының тау бөктеріндегі лагерьде кәсіпкерлік пен креативті индустриядағы көшбасшылардан құнды кеңес алады. Курстан кейін қатысушылар өз аймақтарындағы әлеуметтік мәселелерді шешудің өзіндік шешімдерін ұсына алады. Финалға шыққандар бағалы сыйлықтар мен Алматыдағы inVision U жаңа инновациялық университетіне толық грант алады, сонымен қатар бағдарлама аясында жасалған әлеуметтік жобалар толық қаржыландырылады.
«Қазақстан – өте дарынды жастары бар үлкен мемлекет. Мектеп оқушыларының белсенділігі, өзгеруге, өзгертуге деген ұмтылысы мені қуантты және таң қалдырды. Балалардың алғысқа толы жанары олардың болашағы мен ел болашағының табысты болатынына сенім береді, ал біз өз кезегімізде бағдарлама серіктестерімен бірге олардың әрі қарай білім алуына барынша қолайлы жағдай жасау үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», - деді Beginit by InDrive жобасының жетекшісі Елена Тропинова.
Astana Hub және жергілікті Zhambyl IT Hub, Jaiq Hub, Qostanai IT Hub, Terricon Valley, Pavlodar IT Hub, Oskemen IT Hub-тардың қолдауымен биыл іріктеу турлары Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында өтті. Іріктеуден өтпеген балалар үшін осы технопарктердің базасында құрылған мектеп оқушылары қауымдастығында жыл бойы тегін шеберлік сабақтары, дәрістер мен оқу семинарлары ұйымдастырылады.
Толығырақ www.inDrive.com. сайтында
Astana Hub – 2018 жылдың 6 қарашасында құрылған Орталық Азиядағы ең ірі IT-стартаптар технопаркі. Astana Hub қызметі ІТ-бизнес үшін экожүйе құруға, ІТ саласындағы таланттарды оқытуға және стартап-жобаларды дамытуға бағытталған. Бүгінгі таңда 1317 IT-компания Astana Hub-тың қатысушысы саналады, оның ішінде 365-інің шетелдік үлесі бар. Олар материалдық инфрақұрылыммен қамтылған, бизнесті дамыту бағдарламаларына қатысып, арнайы салықтық және визалық режимдерді пайдаланады, ақпараттық-білім беру қолдауына ие.
inDrive – штаб-пәтері АҚШ-тың Калифорния штаты Маунтин-Вью өңірінде орналасқан көлік саласындағы қызметтерді көрсететін жаһандық платформа. InDrive қосымшасын 175 миллионнан астам қолданушы жүктеген, әлемдегі көлік шақыру бағытындағы ең танымал екінші қосымша болып табылады. Бұдан бөлек, InDrive қалааралық қатынас және жүк тасымалы, курьерлік жеткізу және жұмыс іздеуді қамтитын қызметтер тізімін дамытып келеді. inDrive әлемнің 40-тан астам елінде бар. Компания білім беруді, спортты, өнер мен ғылымды, гендерлік теңдікті және басқа да маңызды бастамаларды жақсартуға көмектесетін келісілген төлем үлгісі және қауымдастықты қолдау бағдарламалары арқылы жергілікті комьюнитиге қолдау көрсетеді.
Пікірлер 5
Кіру пікір қалдыру үшін
Laura Meir · Қыр. 17, 2024 01:06
👍👍👍
Laura Meir · Қыр. 17, 2024 01:06
👍👍👍
Kirill Grinenko · Ақп. 23, 2024 14:37
👍👍👍
Sergei Shevtsov · Жел. 19, 2023 22:03
А я завтра позвоню в Shymkent IT Hub тогда)
Ilias Zholaman · Жел. 14, 2023 18:32
👍👍