Инвестицияларды қалай тартуға болады?

Инвестициялық қорлар туралы естідіңіз, бірақ олардың ашықтығына сенбедіңіз бе? Біз Shanyraq.vc қорының негізін қалаушысы – Алибек Наримбаймен сөйлеcіп, қордың қалай жұмыс істейтінін білдік!


Қор немесе кәсіпкерлік инвестициялық клуб, тек мәмілелер жасауды ғана емес, сонымен қатар жас кәсіпкерлердің қауымдастығын құруды да мақсат етеді. Әр сенбі сайын бұл жерде кездесулер өтеді, онда стартаптар өз тәжірибелерімен алмасып, әлеуетті инвесторлар алдында сөз сөйлейді. Жарты жылдың ішінде 9 компания инвестицияларды сәтті тартты.

 Олардың ішінде: Relog ($100.000 тартты), IstokHome ($100.000), Knowledge of the world ($120.000), Box-Box.kz ($5.000) және басқалар. Жақында ғана алғашқы отандық CarFast.kz автомобиль аукционы $208.000 тартты! Бұл ұйымдағы ең ірі мәмілелердің бірі.

Алибектің айтуынша, Силикон алқабының үлгісі бойынша өз қауымдастығын құру идеясы өте сәтті болды, өйткені бейресми жағдайда адамдар оңай ашылып, пайдалы байланыстар орнатады. Статистика бойынша, стартаптың бір мәміле жасауына бір айдан артық уақыт кетпейді.

Соңғы уақытта өтінімдер көп түсетіндіктен, ұйымдастырушылар "сүзгіні" енгізуге мәжбүр болды. Клубқа кірер алдында, стартап өтінімді толтырады және іріктеу критерийлеріне сәйкес келген жағдайда өзін-өзі таныстыруға (питч-дек) мүмкіндік алады. Іріктеуден инвесторлар да өтеді.

Бұдан басқа, Алибектің жеке стартаптарының бірі - BIOMETRIC ЖШС, 2018 жылдан бастап Astana Hub резиденті болып табылады, бірнеше рет әртүрлі республикалық және халықаралық IT-стартаптар конкурстарының жеңімпазы болды.

Айта кетейік, Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің барлық қатысушылары салық жеңілдіктеріне ие болады. Преференциялар қатысушыларды КТС, ҚҚС, тауарлар импортына ҚҚС, роялти салығы, ЖТС және резидент еместер үшін әлеуметтік салық сияқты салықтарды төлеуден босатады. Мемлекеттік қолдаудың осындай шарасы IT-компанияларға үнемделген қаражатты өз жобаларын дамытуға қайта инвестициялауға мүмкіндік береді.

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін