IT-компаниялар мен стартаптар Astana Hub платформасында технологиялық тапсырмаларға шешім ұсына алады
Astana Hub платформасында «Технологиялық тапсырмалар» модулі жұмыс істеп тұр. Бұл — компаниялар, мемлекеттік органдар және басқа да тапсырыс берушілер АКТ мен Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар (ҒЗТКЖ) саласындағы қолданбалы тапсырмаларды жариялай алатын цифрлық алаң. Орындаушылар — ІТ-командалар, стартаптар және ғылыми ұйымдар. Олар нақты технологиялық сұранысқа дайын шешім ұсыну мүмкіндігіне ие болады.

Платформада жарияланған тапсырмаларға:
- аккредитациядан өткен ғылыми-зерттеу ұйымдары;
- ІТ-компаниялар мен стартаптар;
- инженерия, экология, мұнай химиясы, цифрландыру және басқа да басым бағыттар бойынша құзыреті бар жобалық командалар шешім ұсына алады.
ҒЗТКЖ тапсырмаларына қатысу үшін ғылыми ұйымдар алдын ала аккредитациядан өтуі тиіс. Аккредитациядан өту формасы мына сілтеме арқылы қолжетімді: https://astanahub.com/ru/l/Accreditation
Модульге қатысу орындаушыларға өздерінің ғылыми және технологиялық әзірлемелерін жүзеге асыруға, ірі мемлекеттік және корпоративтік тапсырыс берушілермен ықтимал ынтымақтастық орнатуға, сондай-ақ Қазақстанның технологиялық болашағын дамытуға үлес қосуға мүмкіндік береді.
Шешімді ұсыну процесі төрт қадамнан тұрады:
- Astana Hub порталындағы «Технологиялық тапсырмалар» бөліміне өту;
- Қолжетімді тапсырмалармен танысу;
- Жеке кабинетке кіру;
- Өз шешімін жолдау.
Әр тапсырма жарияланған сәттен бастап 14 күнтізбелік күн ішінде шешімдер қабылдайды.
«Технологиялық тапсырмалар» модулі бизнес, ғылым және мемлекет арасындағы өзара іс-қимылды жеңілдетуге, қолданбалы технологиялық шешімдерді енгізуді қолдауға және Қазақстандағы инновацияларды ынталандыруға арналған.
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін