Елордада IT Queen 2025 байқауының финалы өтті. Astana Hub-тың бұл бастамасы әйел-стартапшыларды қолдап, IT жобаларды дамытуды көздейді. Биыл байқауға 90 өтінім келіп түсіп, 10 команда ақтық мәреге жолдама алды. Олар жобаларын сала көшбасшыларының алдында қорғап, 600 000 теңгені құраған жүлде қоры үшін бақ сынады.
Қазылар алқасының құрамында табысқа жеткен стартаптардың басшылары мен венчурлық индустрия өкілдері болды: Асылзат Исатаева (Aidentis бас директоры), Қаракөз Тасболат (Almak Capital, инвесторлармен жұмыс жөніндегі басшы), Лаура Вайговорова (STP бас директоры), Назгүл Байтемирова (Astana Hub бас директорының венчурлық капитал жөніндегі кеңесшісі) және Рысты Исағұлова (Activat VC, Associate).
Бас жүлдені Soile AI жеңіп алды. Бұл – сөйлеу қабілеті бұзылған жандардың сөзін танитын интеллектуалды модель, жоба пікір алмасуда қиналатын адамдардың ойын түсінуге көмектеседі. Автордың жеке басынан өткен оқиғасы өнімнің дүниеге келуіне себеп болыпты.

«Кішкентай кезімде атам инсульт алды. Салдарынан анық сөйлеу қабілетінен айырылып, оны ешқайсымыз түсінбей қалдық. Ол қоғамнан оқшауланып, өзгемен тілдесе алмайтын халге жетті. Сол кезде атама жәрдем болатын бірде-бір қолжетімді шешім болмады. Жақыныма қолдау көрсеткім келді, дәл сол сәтте мұндай технологияның қаншалықты маңызды екенін түсіндім. Бүгінде сол арман ақиқатқа айналып, Soile AI негізін қаладық. Мақсатымыз – сервис құру ғана емес, адамға ойын жеткізе алуға мүмкіндік беру. Бұл – сөйлеу қабілеті бұзылған жандарды түсінетін алғашқы жасанды интеллект», – деді Үкілім Омарова, стартап негізін қалаушы.
Жоба әлеуметтік бағытпен ғана шектелмейді. Soile AI халықаралық патентке ие, сондай-ақ деректер қорын жинау үшін 19 клиника және логопед мамандарымен серіктестік орнатты. Команда 24 820 бірегей аудиожазба жинап, модельді 88,5 сағатты құрайтын қазақша деректерде оқытты. Алдағы жоспар – өнім аясын кеңейту: дерек көлемін ұлғайту, қоңырауларды кіріктіру және қолданушыларға арналған мобильді қосымша көмегімен нарықты бағындыру.
Екінші орынды Yerai платформасы иеленді. Бұл – шетелдік университеттерге түсуге септігін тигізетін кешенді AI-шешім. Жоба ақылы кеңестерді тест тапсыру, эссе жазу, грант іздеу және сұхбатқа дайындалу құралдарымен алмастырып, жаһандық білім қолжетімділігін арттырады.

Үздік үштікті қызмет көрсету саласына бағытталған Spacehint жобасы түйіндеді. Жоба авторы әуе саласында көп жыл тәжірибе жинап, өз білімі арқылы басқалардың жұмысқа тез бейімделуіне үлес қосқысы келген. Платформа үміткерлерге қызмет көрсету саласының кәсіби дағдыларын жылдам меңгеруге жол ашса, компанияларға кадр тапшылығын азайтып, командалардың біліктілігін арттыруға ықпал етеді.

Байқау қорытындысы қоғам мен бизнестегі өзекті мәселелерді шешуге бағытталған жобалардың сан алуан екенін айшықтай түсті. Финалистер қатарында заң қызметін цифрландыру мен киберқауіпсіздік, әйел денсаулығын жақсарту және нәзік жандылар қауымдастықтарын қолдау, балалардың сөйлеу дағдыларын дамыту, сондай-ақ 3D және VR технологиялары арқылы инклюзивті білім беру бағытындағы шешімдер болды. Сонымен бірге шағын және орта бизнеске арналған виртуалды қызметкерлер платформасы мен өнерді ілгерілетуге бағытталған цифрлық жоба болды.
IT Queen 2025 әйелдер IT-кәсіпкерлігінің ілгерілеу қарқынын айқындап, стартаптарды дамыту үшін сараптамалық қолдау ұсынатын және жаңа байланыстар орнатуға мүмкіндік тудыратын маңызды алаңға айналды.