«AI’preneurs таланттарға, кәсіпкерлерге, фаундерлер мен инженерлерге ең озық технологиялар, ең алдымен жасанды интеллект негізіндегі жаңа бизнес-модельдерді әзірлеп, сынақтан өткізуге мүмкіндік беретін орта қалыптастырады. 2024 жылы іске қосылғаннан бері бағдарлама Қазақстан мен жақын шет елдерден 950 өтінім қабылдады. Ал алдыңғы лектердің стартаптары бүгінде $400 мыңнан астам инвестиция тартты. Бұл AI бағытына деген тұрақты қызығушылықты әрі отандық таланттардың жоғары әлеуетін көрсетеді», – деді Astana Hub бас директоры Магжан Мадиев.
Ұсынылған инновациялық жобалардың қатарында мұнай-газ саласына арналған өнеркәсіптік қауіпсіздіктің интеллектуалды платформасы – Corelis AI стартапы болды. Demo Day нәтижесінде жоба Astana Hub Ventures венчурлық қорынан $25 мың көлемінде soft commitment алды.
«AI’preneurs бізге өнім архитектурасын қалыптастыруға, мықты нетворкингке қол жеткізуге және нарықтың нақты сұранысын қысқа мерзімде растауға көмектесті. Қазіргі таңда біз әлемдік мұнай-газ саласындағы үздік 10 компанияның қатарына кіретін ірі халықаралық компаниялардың бірімен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Алдағы уақытта өнімді Әзербайжан, Норвегия, Мысыр, АҚШ, Ұлыбритания және басқа да нарықтарға шығаруды жоспарлап отырмыз», – деді Corelis AI бас директоры Ильнур Есенов.
Demo Day аясында ұсынылған стартаптар:
AiPrower – жасанды интеллект арқылы тапсырыс берушілер мен digital-орындаушыларды секундтар ішінде байланыстыратын платформа;
Loadify.ai – тестілеуді автоматтандыруға арналған ЖИ жүйесі, ол қаражатты үнемдеп, релиздерді жеделдетеді;
Strimmeo – брендтерді, агенттіктер мен ЖИ-креаторларды видео, жарнама, UGC және графика жасау үшін байланыстыратын ЖИ негізіндегі матчинг-платформа;
InnerSpace – ғимараттың сандық интеллектісі: инженерлік жүйелерге мониторинг жасау, болжамды аналитика және эксплуатациялық процестерді автоматтандыру;
Electi – рекрутингті автоматтандыруға арналған ЖИ платформасы. Дауыстық агенттер өздігінен скрининг жүргізіп, дағдыларды бағалап, сұхбат тағайындайды;
Agesta.ai – жобаларды нәтижеге жеткізетін ЖИ-агенттер платформасы. Командалар стратегияға назар аударатын болса, мульти-агенттер рутиналық тапсырмаларды өздігінен орындап, аяқтайды;
DataX AI – корпоративтік ЖИ жүйелері мен ЖИ-агенттерін prompt-шабуылдардан, деректердің ұрлануынан және тыйым салынған қолжетімділіктен қорғауға арналған AI Security платформасы;
RailGuard – теміржол компанияларының қауіптерін және шығындарын азайтуға арналған жүйе, компьютерлік көру арқылы теміржол жолдарындағы кедергілер мен соқтығыстардың алдын алады;
Modeleon – инвестициялық банктер, қорлар және корпоративтік қаржы командалары үшін автоматтандырылған қаржылық модельдеуді қамтамасыз ететін ЖИ-платформа;
Just EDU – мұғалімдердің уақытын үнемдейтін және оқушыларға жеке траекторияларды ұсынатын ЖИ-платформа;
Label-Gate – тағам өндірістеріндегі «этикеткалық соқырлықты» жоюға арналған ЖИ-платформа.
Акселерация барысында қатысушылар менторлық қолдауға, салалық сараптамаға және Astana Hub инфрақұрылымына қол жеткізді. Барлық командаларға Astana Hub кеңсесінен жұмыс орындары ұсынылып, өзге қалалардан келген қатысушылар үшін бағдарлама кезеңінде Астанада тұру мүмкіндігі ұйымдастырылды. Бұл стартаптардың өнімді дамытуға толықтай назар аударуына жағдай жасады. Акселерация процесінде жетекші трекерлер Евгений Фролов пен Николай Тян үлкен рөл атқарды. Олар бағдарламаның бүкіл кезеңінде стартаптармен тығыз жұмыс істеп, апта сайынғы бордмитингтерде гипотезаларды мұқият талдап, бағыт-бағдар беріп отырды.
Ақпарат үшін
AI’preneurs – Astana Hub тарапынан 2024 жылы іске қосылған флагмандық акселерациялық бағдарлама, Қазақстанда жасанды интеллект саласындағы стартаптарды іске қосуға арналған алаң. Бағдарлама машиналық оқыту, бағдарламалық инженерия, маркетинг салаларындағы мамандарды бір ортаға жинайды. Қатысушылар үш айдың ішінде команда құрып, өз IT-өнімдерін нарыққа шығарады.
Жақында AI’preneurs шеңберінде стартап-командалардың құрылу жолын көрсететін реалити-жоба көпшілікке ұсынылды.
AI’preneurs Demo Day – қатысушылар инвесторлар, венчурлік қорлар және бизнес өкілдері алдында IT-жобаларын таныстыратын қорытынды шара.