Global Outsourcer нәтижесі: 27 ел, 73 келісім-шарт, $158 мың табыс
Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттыру үшін IT-аутсорсинг компанияларды қолдауға арналған Global Outsourcer бағдарламасының бірінші легі табысты өтті. Акселерациядан өткен 15 команда жалпы құны $158 мың құрайтын 73 келісім-шартқа қол жеткізді. Қатысушылардың сату географиясы АҚШ, Канада, Еуропа елдері, Түркия, Австралия және т.б. сияқты әлемнің 27 елін қамтиды.
1 тамызда басталған Global Outsourcer бағдарламасына қатысуға 50-ден астам өтінім түскен, соның ішінен 20-сы іріктеліп, 15 команда акселерацияны сәтті аяқтады. Бұл компаниялар енді халықаралық нарықтарға шығып, бүкіл әлем бойынша келісім-шарт жасасып, экспорттық әлеуетін арттырып жатыр.
«Бағдарлама компанияларға сатылым кезеңдерін, стратегияны және кіріс көзін дамытуға, сондай-ақ келіссөздер жүргізу дағдысын және ұсыныс жасауды үйренуге көмектесті. Қатысушылардың 80%-ы алғаш рет экспортқа жұмыс істей бастады және бірнеше ай ішінде 27 елде жалпы құны $158 мыңнан астам табыс тапты. Upwork негізгі сату алаңына айналды. Бұл қазақстандық экспорт көлемін арттыруға септігін тигізеді», - деді Astana Hub басқарушы директоры Таңат Өскембаев.
Global Outsourcer акселераторы Қазақстанның экспорт көлемін ұлғайтуға және IT-аутсорсинг компаниялардың әлемдік нарықтағы орнын нығайту бағытында тиімділігін көрсетті.
Жетекші трекер Николай Серкутан мен жетекші сарапшы Максим Толмачев компания беделін қалыптастыру және жаһандық экожүйеге тиімді ену қажеттілігі туралы мәселе көтеріп, әлемдік нарықтардағы жаңа стратегиялардың маңызды екенін айтты. «Әдетте ұсынылатын қызмет пен беделді қалыптастыру үшін көп уақыт пен ақша қажет, бірақ Global Outsourcer бағдарламасының арқасында компаниялар осы кезеңде уақыт пен ресурстарды үнемдей алды», - деп атап өтті олар.
Demo Day-де командалар жаңа стратегиясын, сатылым кезеңдері мен жасалған келісім-шарттарды көрсете отырып, өз жобасын әлеуетті клиенттер мен инвесторларға таныстырды. Yessen & Company бас директоры Азат Есенов Канада және Ұлыбритания нарығындағы табысы туралы айтты. Dara Solutions коммерциялық директоры Жасұлан Ақаев алдағы жоспарымен бөлісті, соның ішінде 2025 жылға қарай компания табысын $500 мың дейін арттыруды көздеп отыр екен.
«Біз негізінен қолданбаларды қазақстандық компаниялар үшін ғана жасап жүр едік, осы бағдарламаның арқасында халықаралық нарыққа қалай шығу керек екенін білдік. Енді Еуропа мен Оңтүстік-шығыс Азия нарығына бағыт алып жатырмыз. Қазір Германияда келісім-шарт жасадық, сондай-ақ кореялық компаниямен келіссөз жүргізіп жатырмыз», - деді Code Union тең құрылтайшысы Демьян Язовский.
Global Outsourcer-ге қатысу нәтижесінде А-бизнес, СodeUnion, Arcana Inc, AtyrauTechInvest (ATI), Crocos, Dara Solutions, JaiyqDev, Maxinum Consulting, Qazaqsoft, Singularis, TechWorks, Thousand, Updevision, Yessen & Company, 2up компаниялары экспортқа шықты.
Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанды өңірдегі жетекші цифрлық орталықтардың біріне айналдыру мақсатында 2026 жылға қарай IT-экспорт көлемін $1 млрд-қа дейін арттыру міндетін қойған болатын. Astana Hub-тың ҚР ЦДИАӨМ қолдауымен жүзеге асырылған барлық бастамалары, соның ішінде Google for Startups және Draper University-мен бірлескен бағдарламалар, Silkroad Innovation Hub – АҚШ-тың Кремний алқабындағы IT-стартаптар платформасына қолдау көрсету, сондай-ақ Digital Bridge және Digital Almaty IT форумдарын ұйымдастыру - осы стратегиялық мақсатқа жетуге бағытталған құралдар.
Пікірлер 36
Кіру пікір қалдыру үшін
Kirill Grinenko · Ақп. 23, 2024 14:40
👍👍👍
Абдуали Илияс · Жел. 12, 2023 18:09
Лайк
Даниял Нурымжан · Жел. 7, 2023 17:53
Лайк
Даниял Нурымжан · Жел. 7, 2023 17:53
Лайк
Даниял Нурымжан · Жел. 7, 2023 17:53
Лайк
Даниял Нурымжан · Жел. 7, 2023 17:53
Лайк
Даниял Нурымжан · Жел. 7, 2023 17:53
Лайк
Даниял Нурымжан · Жел. 7, 2023 17:53
Лайк
Даниял Нурымжан · Жел. 7, 2023 17:53
Лайк
Даниял Нурымжан · Жел. 7, 2023 17:53
Лайк
Даниял Нурымжан · Жел. 7, 2023 17:53
Лайк
Даниял Нурымжан · Жел. 7, 2023 17:53
Лайк
Даниял Нурымжан · Жел. 7, 2023 17:53
Лайк
Даниял Нурымжан · Жел. 7, 2023 17:53
Лайк
Даниял Нурымжан · Жел. 7, 2023 17:53
Лайк
Даниял Нурымжан · Жел. 7, 2023 17:53
Лайк
Даниял Нурымжан · Жел. 7, 2023 17:53
Лайк
Даниял Нурымжан · Жел. 7, 2023 17:53
Лайк
Даниял Нурымжан · Жел. 7, 2023 17:53
Лайк
Даниял Нурымжан · Жел. 7, 2023 17:53
Лайк
Даниял Нурымжан · Жел. 7, 2023 17:53
Лайк
Даниял Нурымжан · Жел. 7, 2023 17:53
Лайк
Даниял Нурымжан · Жел. 7, 2023 17:53
ЛайкЛайк
Даниял Нурымжан · Жел. 7, 2023 17:53
Лайк
Даниял Нурымжан · Жел. 7, 2023 17:53
Лайк
Даниял Нурымжан · Жел. 7, 2023 00:09
👍👍
Даниял Нурымжан · Жел. 7, 2023 00:04
Класс
Даниял Нурымжан · Жел. 7, 2023 00:04
Круто
Микки Рурк · Жел. 6, 2023 13:32
👍👍👍👍👍👍👍👍
Jalil A · Жел. 5, 2023 16:21
Круто, молодцы!!!
Айтуар Барлыков · Жел. 5, 2023 09:38
Неплохо
Камшат Бердиева · Жел. 3, 2023 16:54
👍👍👍
Мадина Отарова · Жел. 4, 2023 10:50
cool
Мадина Отарова · Жел. 4, 2023 10:58
класс
Мадина Отарова · Жел. 4, 2023 10:56
cool
Ilias Zholaman · Жел. 1, 2023 17:27
👍