Қазақстандық AI командалары әлемдік деңгейдегі жасанды интеллект сарапшысы, 01.AI негізін қалаушы доктор Кай-Фу Лимен және оның мамандарымен тікелей бірлесе жұмыс істеуге мүмкіндік алады. 20–25 қатысушыға арналған бұл тәлімгерлік бағдарлама — Astana Hub, Q.AI және 01.AI арасындағы жаңа серіктестіктің алғашқы бастамаларының бірі.
AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумы аясында тараптар жасанды интеллект, технологиялық командаларды дамыту және AI мамандарын даярлау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл келісім alem.ai Халықаралық жасанды интеллект орталығында Q.AI Research Lab зертханасының ашылуына орайластырылды.
Құжатқа Astana Hub бас директоры Мағжан Мадиев, Q.AI бас директоры Дмитрий Мун және 01.AI негізін қалаушы доктор Кай-Фу Ли қол қойды.
Жабық тәлімгерлік бағдарламасының алғашқы легіне өткен қатысушылардың есімі меморандумға қол қою барысында жарияланды. Олардың қатарында жасанды интеллект және машиналық оқыту саласының мамандары, сондай-ақ AI-стартаптардың негізін қалаушылар бар. Қатысушылар шағын топтарға бөлініп, Кай-Фу Ли мен 01.AI сарапшыларымен бірге технологиялық шешімдерді жетілдіру, өнімді дамыту және халықаралық нарыққа шығуға дайындалу бағытында жұмыс істейді. Мұндай формат әрбір жобаның міндеттерін жан-жақты талдап, оның даму кезеңіне сай нақты кеңес алуға жол ашады.
«alem.ai Халықаралық жасанды интеллект орталығында Q.AI Research Lab зертханасының ашылуы Қазақстанда AI-сараптама мен технологиялық командаларды дамытуға жаңа мүмкіндік береді. Алғашқы менторлық бағдарламаның өзінде отандық AI-мамандар мен стартап негізін қалаушылар доктор Кай-Фу Ли және 01.AI сарапшыларымен тікелей жұмыс істеп, өз шешімдерін жетілдіруге әрі практикалық кеңес алуға мүмкіндік алады. Бұл халықаралық озық тәжірибені қазақстандық мамандар мен командаларға трансферттеуге, сондай-ақ елімізде төл AI-өнімдерін дамытуға қолайлы орта қалыптастыруға жол ашады», — деп атап өтті Astana Hub бас директоры Мағжан Мадиев.
«Мықты AI өнімі ең алдымен нақты бір мәселенің түйінін қалай тарқататынын терең түсінуден басталады. Қатысушылармен жұмыс барысында әзірлеменің қолданушылар үшін құндылығын тексеруге, оны пайдаланудың ең ұтымды бағыттарын таңдауға және тұрақты бизнес-модель құруға баса назар аударамыз. Командалардың әрбір шешімді жан-жақты саралап қабылдауы және өнімнің шын мәнінде табысты болуын айқындайтын негізгі түйткілдерге басымдық бере білуі аса маңызды», — деп атап өтті 01.AI негізін қалаушы доктор Кай-Фу Ли.
Q.AI Research Lab жасанды интеллект шешімдерін әзірлеуге, халықаралық тәжірибе алмасуға және отандық технологиялық командаларды шыңдауға арналған тұрақты алаңға айналады.
«Біздің мақсатымыз — жасанды интеллект саласындағы озық әлемдік тәжірибені Қазақстанға жай ғана тарту емес, оны отандық мамандардың бойына сіңіріп, нақты жаңа өнімдерге айналдыру. Қазақстандық әзірлеушілер мен кәсіпкерлер Q.AI Research Lab арқылы әлемдік деңгейдегі сарапшылармен тікелей жұмыс істеп, өз идеяларын сынақтан өткізе алады және әзірлемелерін жаһандық нарыққа шығаруға дайындайды», — деп атап өтті Q.AI бас директоры Дмитрий Мун.
Алдағы уақытта Astana Hub, Q.AI және 01.AI елімізде AI мамандарын даярлауға әрі бәсекеге қабілетті технологиялық өнімдер жасауға бағытталған ортақ зерттеу және білім беру бастамаларын өрістетуді жоспарлап отыр.
«AI & Digital Bridge 2026» форумы Қазақстандағы Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында ұйымдастырылып, жасанды интеллект, цифрлық технологиялар, кәсіпкерлік пен адами капиталды дамыту бастамаларын тоғыстырған «AI MONTH» айлығының басты халықаралық оқиғасына айналды.
«AI & Digital Bridge 2026» форумының ұйымдастырушылары — Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және «Astana Hub» халықаралық инновациялық кластері.
«AI & Digital Bridge 2026» форумы демеушілік қаражат есебінен әрі серіктестердің қолдауымен өтті:
Алтын серіктестер: Freedom Bank, Kaspi Bank, «Самұрық-Қазына» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ;
Күміс серіктес: Halyk Bank;
Бизнес-серіктес: Beeline Қазақстан;
Қола серіктес: Yandex Qazaqstan;
Телеком-серіктес: Freedom Telecom Operations;
Технологиялық серіктес: «Транстелеком» АҚ;
Ресми әуе тасымалдаушысы (Official Airline Partner): Air Astana.